RU

Қарулы Күштердің гидрометеорологиясы: тәсілдердің бірлігі мен болжамдардың сапасы

Бастықтар жиыны
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

ҚР Қарулы Күштерінің гидрометеорологиялық қызметі бастықтарының жиыны өтті. Жиынға қатысушылар тәжірибелік тапсырмаларды орындап, тестілер мен сынақ тапсырды.

Жиынның мақсаты – метеорология саласындағы іс-шаралардың сапасын арттыру, ҚР Қарулы күштері мен азаматтық авиацияда гидрометеорологиялық қамтамасыз ету талаптарына бірыңғай түсіністікті ұйымдастыру болып табылады.

Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің базасында жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуларын, метеорологиялық қамтамасыз ету бөлімшелерінің тәжірибелік жұмысымен, техникалық құралдарды пайдалану және қызмет көрсету тәртібімен танысты.

Бастықтар жиыны
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Сондай-ақ метеорологиялық бақылаулар мен мәліметтерді өндірумен, дауыл ескертулерін әзірлеумен және жеткізумен, ауа райының қауіпті, аса қауіпті құбылыстары туралы хабарлауға байланысты мәселелерді егжей-тегжейлі пысықталды.

Бастықтар жиыны
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Тәжірибелік сабақтар барысында жиынға қатысушылар аэросиноптикалық материалдарды өңдеді. Ауа райының сақиналық және барикалық топография карталарын, қауіпті құбылыстарын есептеу әдістемесін қарастырды.

Бастықтар жиыны
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Алынған аэросиноптикалық мәліметтер негізінде олар әскерлер қозғалысының бағыттарын, әуе кемелерінің ұшуын және кемелердің теңізге шығатын аудандары бойынша ауа райын болжауды іс- жүзінде орындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877979-karuly-ksterdi-gidrometeorologiasy-tsilderdi-birligi-men-bolzamdardy-sapasy.html