Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде бостандыққа шыққан Атамбаевтың суреті пайда болды (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: Кундуз Жолдубаев/Facebook

Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Кундуз Жолдубаева босатылған экс-президент Алмазбек Атамбаевтың суретін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Алмазбек Шаршенович барша халыққа жалынды сәлем жолдайды! - деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Қырғызстанның экс-президенті өткен жылдың жазынан бері қамауда отыр. Биылғы жылдың маусымында криминалды беделді тұлға Азиз Батукаевтың заңсыз босатылғаны туралы іс бойынша Алмазбек Атамбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, 4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтіп, оған 16 партия қатысқан болатын.

Азаттық мәліметінше, нәтижесінде парламентке өту үшін қажетті дауыс мөлшерін төрт партия ғана жинай алған. Олар "Биримдик", "Мекеним Кыргызстан", "Кыргызстан" және "Бутун Кыргызстан" партиясы.

Жаңа құрылған билік партиясы – "Биримдик" 24,5 пайыз дауыс алса, "Мекеним Кыргызстан" - 23,88, "Кыргызстан" 8,76 пайыз дауыс жинаған.

Оппозициядан жалғыз "Бүтүн Кыргызстан" партиясы ғана 7,13 пайыз дауыспен межеден өте алған. Додаға түскен қалған 12 партия парламентке өтпей қалған.

Алайда сайлау нәтижесіне көңілі толмаған қырғызстандықтар 5 қазанда наразылық шеруіне шыққан. Оған он мыңдаған адам қатысқан.

Соңғы мәліметтер бойынша шерушілердің полициямен қақтығысынан 120-дан аса адам зардап шеккен.

Одан бөлек, парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген наразы жұрт Бішкектегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына кіріп, елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторындағы қамаудан шығарып алған.

Бұған қол жеткізу Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен келіссөз жүргізгеннен кейін мүмкін болыпты.

Экс-президентті МҰҚК ғимаратынан алып шыққаннан кейін, наразы халық оны қоршап алып "Атамбаев" деп айқайлаған.

Кейіннен наразы топ басып алған Бішкектегі Ақ үйдің отқа оранғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877988-zelide-bostandykka-sykkan-atambaevty-sureti-pajda-boldy-foto/

pixel