Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды
Айдын Оразханов. Фото: metroalmaty.kz

Айдын Оразханов "Метрополитен" мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Кәсіпорынның баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алматы қалалық мобильдік басқармасы басшысының тиісті бұйрығы 2020 жылдың 2 қазанында шыққан.

Жаңа басшыны метро қызметкерлеріне қалалық мобильділік бөлімінің бастығы Ерлан Маматұлы Әділов таныстырды.

Еске салсақ, бұған дейін Оразханов Алматы метрополитеніне 2014 жылдан бастап басшылық еткен болатын. 2016 жылы ол өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған.

Айдын Оразханов 1974 жылы 3 қазанда Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі:

  • Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау техникасы мен технологиясы" мамандығы бойынша бітірген.
  • Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында магистратура бөлімін "Тасымалдауды ұйымдастыру, көліктің қозғалысы және пайдалану" мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолы:

  • Алматы метрополитенінің құрылысында 3-дәрежелі үңгуші (2000);
  • "№2 Тоннель отряды" ЕК ЖШС тау-кен шебері;
  • "Алматы метрополитенінің салынып жатқан дирекциясы" КМК-да тау-кен капиталы жұмыстарының инженері, жедел жабдықтау бөлімінің жол құрылыстары бойынша жетекші инженері, жол жене тоннель құрылысы қызметінің бастығы (2007-2010);
  • Жол және тоннель құрылысы қызметінің тоннельдік құрылымдардың арақашықтығының бас инженері және "Метрополитен" КМК-ның бас инженері (2010-2014);
  • "Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (29.10.2014-04.2016);
  • "ҚТЖ" ҰК" АҚ корпоративті қамтамасыз ету жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары (05.06.2018-28.11.2019).

Айта кетейік, бұған дейін Қуандық Испергеновтің Рудный қаласының әкімі болып тағайындалғанын хабарлаған едік.

Оны әріптестеріне аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов таныстырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1878010-almaty-metrosyna-zaa-bassy-tagajyndaldy/

pixel