RU

Қырғызстанда бірден үш облыстың басшысы қызметінен бас тартты

Балбак Тулобаев
Балбак Тулобаев. Фото: sputnik.kg : sputnik.kg

Бішкектегі түнгі митингтен кейін бірден үш бірдей облыстың басшылары өз еркімен қызметтерінен кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Sputnik Қырғызстан мәліметіне сәйкес, Қырғызстан премьер-министрінің атына өтініш түсірген Талас, Нарын және Ыстықкөл облыстарының басшылары, өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеген.

Үш бірдей өкілетті уәкілдердің ғимаратының алдына жиналған қалың жұрт митинг өткізуде.

Ыстықкөл облысы министрлер кабинетінің өкілетті уәкілі Балбак Тулобаев, басылым тілшісіне "жұмысын жалғастыра беруді халықтың өзі сұрап отырғанына" қарамастан, өз қызметінде қалуға моральдық құқы жоқтығын мәлімдеді.

Балбак Тулобаевтың өтініші
Балбак Тулобаевтың өтініші. Фото: sputnik.kg

Еске салсақ, бұған дейін парламент сайлауының нәтижелеріне наразы болған Қырғызстан халқы Ақ үйге басып кіргенін хабарлаған болатынбыз. Қырғызстанда Ақ үйдің күл талқаны шыққанына күйінген белсенділер жанайқайын айтқан еді.

Сонымен қатар Қырғызстанның танымал әншісі Мирбек Атабековтің де жұртпен бірге алаңға шыққаны белгілі болды.

Парламент сайлауының нәтижелеріне наразы болған әнші жарымен бірге митингке келген. Әнші наразылық акциясына қатысушыларды арандатуға бой алдырмауға шақырды.

Одан бөлек, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков жекелеген саяси күштердің мемлекеттік билікті заңсыз жолмен басып алуға тырысқанын мәлімдеп, халыққа үндеу жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878014-kyrgyzstanda-birden-s-oblysty-bassysy-kyzmetinen-bas-tartty.html