Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы қалаулымдық ару ұзатылды (фото, видео)

Опубликовано:

Қалаулымдық жұп
Фото: Instagram/13erkesha

"Қалаулым" бағдарламасы тағы бір отбасының құрылуына себепкер болды. Атышулы жобада танысқан Ақерке Құдайбергенова мен Ербол Бекішевтың қарым-қатынасы жанұяға ұласты. Өткен демалыста бойжеткен ұзатылып, сүйіктісінің үйіне келін болып түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақерке Құдайбергенованың ұзату тойы Алматыда әсем мейрамханалардың бірінде дүркіреп өтті. Қос ғашықтың қуанышына "Қалаулым" жобасының көптеген қатысушылары барды.

Желіде аса белсенді жастардың арқасында дүбірлі тойдың қалай өткенін белгілі болды. Атышулы жобаға қатысқан көпшілік өздерінің әлеуметтік желілерінде ұзату кезіндегі қызықтарды жариялап, оықрмандарымен бөлісті.

Қалыңдықтың өзі де өміріндегі аса әсерлі күнінен естеліктер болсын деген ниетпен Instagram парақшасында сан түрлі видеолар мен суреттерді жүктеп қойған.

Желі қолданушылары қос ғашықты ерекше жылы құттықтап, оларға деген ақ тілегін қарша жаудырды.

Айта кетейік, Ақерке Құдайбергенова "Бір болайық" (бұрынғы "Қалаулым") жобасына өткен маусымда махаббатын іздеп келген болатын. Ербол Бекішев сұлу бойжеткенді эфирден көрген бойда ғашық болып, онымен танысуға бел буады.

Нәтижесінде сері жігіт арудың жүрегін жаулап алып, жоба аясында олардың жұптық өмірі басталады.

Маусым соңына жетіп, қатысушылар жан-жаққа тараған уақытта Ақерке қалыңдық атанды. Ербол ғашығын Көк-Төбеге шақырып, оған үйленуге ұсыныс жасады. Бұл батыл қадамды іске асыру үшін оған өзге қалаулымдықтар көмектескен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1878047-atysuly-kalaulymdyk-aru-zatyldy-foto-video/

pixel