Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал ресейлік модель Мәскеу көшесінде адам қағып өлтірді (видео)

Опубликовано:

Виктория Короткова
Фото: Instagram/korotkova_viktoriya

Танымал ресейлік модель әрі Instagram-блогер Виктория Короткова Мәскеудің қақ ортасында жаяу жүргіншіні басып кетті. Сәнбике тізгіндеген көліктің астына түскен адам алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

25 жастағы Виктория Короткова Мәскеудегі Кутузов даңғылының бойында жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Бұл туралы Baza телеграм арнасына сілтеме жасаған spletnik.ru басылымы хабарлады.

Бойжеткен Mercedes Gelandewagen көлігін тізгіндеп келе жатып, жолды тыйым салынған жерден жүгіріп өтпек болған адамды байқамай қалған. Соқтығысу кезінде алған жарақаттары салдарынан ол оқиға орнында жан тапсырды.

БАҚ хабарламаларына сәйкес, жол-көлік оқиғасы кезінде Короткованың көлігінде қауіпсіздік жастықтары іске қосылып, арудың миы шайқалған.

Оқиға куәгерлері жол апатынан кейін блогер сылқымның жүйкесі сыр беріп, ұзақ уақыт өзіне келе алмай жүргенін айтты. Алдын ала мәлімет бойынша, Короткова көлікті сау күйде жүргізген.

Оған қоса, танымал модель мінген көлік оның атында емес екені де анықталды. Белгілі болғандай, темір тұлпар Рагим Шамшилов есімді азаматтың жеке меншігі екен. Болжамдарға сәйкес, азамат Виктория Короткованың сүйіктісі болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Виктория Короткова қалың көпшілікке "Холостяк" жобасы арқылы танылды. Онда ол өзге арулармен бірге әнші Егор Кридтің жүрегін жаулауға тырысқан еді. Бойжеткен олардың арасынан суырылып финалға шыққанымен, соңында әртіс Дарья Клюкина есімді ару

ды таңдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1878067-tanymal-resejlik-model-adamdy-kagyp-ltirdi-video/

pixel