Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Армения қорғаныс министрлігі: Қарабақтағы түн тыныш өтті

Опубликовано:

Соғыс1
Фото: Aziz Karimov/Getty Images

Армения қорғаныс министрлігінің өкілі Таулы Қарабақтағы байланыс сызығындағы түн тыныш өткенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Халықаралық қауымдастық Таулы Қарабақ қақтығысы аймағында ұрыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырғаннан кейін майдан шебіндегі түн тыныш өтті", - деп жазды Шушан Степанян Facebook-те.

Ол бұдан әрі шиеленіскен жағдайда жауапкершілікті Әзірбайжанның әскери-саяси басшылығы көтеретінін айтты.

Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының басшысы Арайк Арутюнян да кеше түнде қақтығыс аймағында тұрақты жағдай байқалды деп мәлімдеді деп жазады РИА Новости.

Әзірбайжан қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған Trend.az армян қарулы күштері 5 қазанда кешке Гянджа қаласына оқ атқанын хабарлады.

Еске салсақ, Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Осыдан кейін Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілгенін жазған едік.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Әзірбайжан мен Армения халықтарына "мағынасыз қантөгісті тоқтатуға" үндеу тастаған болатын.

Айта кетейік, Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян Әзірбайжанға үндеу жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1878074-armenia-korganys-ministrli-karabaktagy-tn-tynys-tti/

pixel