RU

Алматы қаласында алғашқы қар жауды (видео)

Алматыдағы алғашқы қар
Видеодан кадр: instagram.com/sergek_v_almaty

Алматының таулы аймақтарына бүгін, 6 қазанда алғашқы қар жауды. Алматылықтар әлеуметтік желіде ақ ұлпаның жауған сәтінен видео жариялап жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оңтүстік астананың тұрғындары желіде алғашқы қар түсірілген кадрларды белсенді түрде жариялауда. Биыл ақ ұлпа жылдағыдан ертерек түскен.

Алматылықтардың сөзіне сүйенсек, қар мегаполистің таулы аймақтарына, Әл-Фараби даңғылынан жоғары жаққа жауған. Ал қаланың басқа бөліктерінде жаңбыр жауып тұр.

Айта кетсек, бүгін синоптиктердің болжамына сәйкес шаһарда тек жауыншашын күтілген болатын.

Gismeteo деректеріне сұйенсек, Алматыда 6 қазанда күні бойы 3-12 градус арасында жылы болмақ. Осы ретте күн бұлттанып, жаңбыр күтіледі.

Еске сала кетейік, биыл елімізде қыс мезгіді жылдағыдан ертерек басталды. Мәселен, кеше Қарағанды облысында қар жауып, ауа температурасы төмендеген еді.

Алайда қар лезде еріп кеткен. Шөгінділердің қалыңдығы 0,6 миллиметрді құраған.

"Біз 4-5 қазанда Қарағанды ​​облысында тұман, көктайғақ болып, қар мен жаңбыр жауады деп болжадық. Солтүстік-батысқа ауысқан жел оңтүстік-батыстан соғып, секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метрді құрайды. Сонымен қатар, облыста ауа температурасының 2-7 градусқа дейін күрт төмендеуі байқалады", - деп хабарлады Қазгидрометтің Қарағанды ​​облыстық филиалынан.

Сондай-ақ, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарына қар түскенін жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Франция мен Италиядағы нөсер жауын салдарынан он адамның із-түзсіз жоғалып, тағы екеуінің қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878077-almaty-kalasynda-algasky-kar-zaudy-video.html