RU

Бішкектің экс-басшысы Албек Ибраимов та колониядан босатылды

Албек Ибраимовтың түрмеден шығу сәті
Фото: 24.kg

Бішкектің бұрынғы басшысы Албек Ибраимовтың жақтастары оны колониядан шығарып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ибраимовтың бостандыққа шыққанын 24.kg басылымы хабарлады.

Бұрынғы қала басшысының жақтастары оны жазасын өтеп жатқан түзеу мекемесінен алып кеткен. Қазір экс-мэр ел астанасына қарай бағыт алған.

Айта кетерлігі, өткен жылдың желтоқсанында Албек Ибраимов 15 жылға бас бостандығынан айырылған.

Оған "Солнечный берег" пансионаты мен "Дастан" ТҰК арнайы өнімдерін сатты, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың пайдалану үшін муниципалдық жер учаскелерін берді деп айып тағылған.

Еске салсақ, Бішкекте Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауына көңілі толмаған мыңдаған наразы адам 6 қазанға қараған түні Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің кабинетіне баса көктеп кірді.

Айта кетейік, 4 қазанда сайлау қорытындысына наразылық білдірген адамдар Ала-Тоо алаңына шығып, митинг өткізген болатын.

Оған қоса, Қырғыз парламенті мен президент аппараты жайғасқан Бішкектегі Ақ үйдің төртінші қабаты өртке оранды. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына келіп жеткен.

Сондай-ақ, Қырғызстандағы наразы жұрт Бішкектегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына кіріп, елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторындағы қамаудан шығарып алды.

Ал бүгін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков жекелеген саяси күштердің мемлекеттік билікті заңсыз жолмен басып алуға тырысқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878096-biskekti-eks-bassysy-albek-ibraimov-ta-koloniadan-bosatyldy.html