RU

Теміртаудың жақында тағайындалған әкімі қымбат көліктің рөлінен көрінді

Қайрат Бегімов1
Фото: zhezmedia.kz

Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов мінген қымбат жол талғамайтын көліктің шығу тегін Қарағанды ​​облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті тексермек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теміртау әкімі қызметіне жақында ғана тағайындалған Қайрат Бегімовтің енді Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет істері департаменті қызметкерлерінің алдында есеп беруіне тура келеді.

Өйткені шенеунік жақында ғана қымбат Тoyota Land Cruiser 200 көлігінің тізгінінен көрінген. Осы арқылы ол көптеген блогерлер мен БАҚ-тың назарын өзіне аударды.

Осыдан кейін Қайрат Бегімов темір тұлпардың қайдан келгенін түсіндірді. Анықталғандай, оған көлікті достары берген болып шыққан. Себебі қала басшысының ызметтік көлігі жиі бұзылып қала берген.

Теміртау әкімінің баспасөз қызметі де шеенуніктің көлігінің жөндеуде тұрғанын растады.

Ал мемлекеттік қызмет істері департаменті оларға тиісті арыз түсіп, сол себепті аталған деректі тексеретіндерін айтты. Ведомство тексеріс нәтижесінен БАҚ өкілдерін хабардар етеді.

Қайрат Бегімов әкім қызметіне 2020 жылдың 14 тамызында тағайындалған.

Еске сала кетсек, Алматыдағы "Метрополитен" мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып Айдын Оразханов тағайындалған еді.

Кәсіпорынның баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алматы қалалық мобильдік басқармасы басшысының тиісті бұйрығы 2020 жылдың 2 қазанында шыққан.

Бұған дейін Оразханов Алматы метрополитеніне 2014 жылдан бастап басшылық еткен болатын. 2016 жылы ол өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878111-temirtaudy-zakynda-tagajyndalgan-kimi-kymbat-klikti-rlinen-krindi.html