RU

Өтемақы сұраған: Атамбаев жақтастарының шеруі жанжалмен аяқталды (видео)

Атамбаевтың жақтастары ұйымдастырған митинг
Видеодан кадр: 24.kg

Колониядан бүгін шыққан Қырғызстанның экс-президенті өз жақтастарының митингісіне шығуы керек еді. Алайда Атамбаев кездесуге келмей, митинг айқай-шумен аяқталды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кеше сайлау нәтижелерімен келіспеген наразы халық Бішкектегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына кіріп, елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторындағы қамаудан шығарып алды.

Кейінірек, қамаудан босатылған экс-президент жақтастарымен кездесуді жоспарлап отырғаны хабарланды.

Бұрынғы мемлекет басшысы күндізгі сағат 2-де сөз сөйлеу керек болған. Алайда ол митингке келмеді.

Sputnik Қырғызстанның жазуынша, митингке бірнеше жүз адам қатысқан. Олардың алдарына Искаков келіп, Атамбаевтың денсаулығына байланысты митингке келе алмайтынын айтты.

24.kg хабарлауынша, митинг айқай-шумен аяқталған. Қырғызстанның социал-демократиялық партиясының тәжірибелі мүшелері мен жас жігіттер арасында дау туындаған.

Басылымның жазуынша, жас жігіттер тәжірибелі саясаткерлерге кедергі келтіріп, өздеріне сөйлеуге мүмкіндік беруін бірнеше рет талап еткен.

Митинг ұйымдастырушылары жастардың микрофондарын бірнеше рет өшіріп, партияның жас жақтастарын ашуландырған.

"Біз бәрін істеді. Егер біз болмағанда мұнда, "Форумға" адамдар жиналмас еді. Енді бізді ылаң салушылар деп атап жатыр", - деген жас қырғызстандықтардың бірі.

Сондай-ақ жас митингшілердің бірі өз қызметі үшін өтемақы талап еткен. Өйткені, оның сөзінше, барлық жұмысты олар істеген.

"Неліктен саяси оқиғалардың құрбандары отбасында саясаткерлер болмаса, өтемақы алмайды? Барлық жұмысты біз істедік емес пе?", - деп басылым жастардың сөзін келтірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878143-temaky-sragan-atambaev-zaktastaryny-serui-zanzalmen-aaktaldy-video.html