RU

Құрманбек Бакиев Қырғызстандағы қазіргі ахуалды қалай қабылдаған

Құрманбек Бакиев
Құрманбек Бакиев. Фото: Sputnik / Андрей Александров

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев Бішкектегі жағдайларға қатысты өз ойын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазір Беларусьта тұратын Бакиев жағдайға байланысты ойын РИА Новости тілшісіне айтқан.

"Қазір өзімнің туған жерім Қырғызстанда болып жатқан жағдайлардың барлығына менің жүрегім ауырады", - деді экс-президент.

Журналист сонымен бірге бұрынғы президенттің елдегі саяси жағдайды бағалауын сұрады.

"Менің кез-келген сөзімді деструктивті күштер қақтығысты қозғау үшін қолдана алатынын ескере отырып, мен қазіргі уақытта пікір білдіруден аулақпын", - деді Құрманбек Бакиев.

Айта кетсек, Құрманбек Бакиев Қырғызстан президенті ретінде 2005-2010 жылдары қызмет еткен. Кейін 2010 жылы елде толқулар басталған соң оны тақтан тайдырды.

Бакиевтің орнына Роза Отынбаева бастаған уақытша үкімет келді. Экс-президент отбасымен бірге Беларуське қашып кетіп, сол жақтан азаматтық алды.

2013 жылы Бакиев қызметін асыра пайдаланды деп танылып, сырттай 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетсек, Бакиев Беларусьтегі көтерілістер кезінде елден кетіп қалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарып, Александр Лукашенкомен соңына дейін бірге болатынын жеткізген еді.

Сондай-ақ экс-президент Александр Лукашенконың республикадан саяси баспана алуға көмектескенін айтып, оған алғысын білдірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878152-krmanbek-bakiev-kyrgyzstandagy-kazirgi-ahual-turaly-pikir-bildirdi.html