RU

Отандық өндірістің төрт радиолокациялық станциясы Қазақстан әскерінің қару-жарақ құрамына түседі

Фото
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс ведомствосында өткен кезекті аппараттық кеңесте Қарулы Күштердің қысқа дайындық нәтижелері мен жауынгерлік оқу барысы қаралды.

Командирлер бірқатар әскери қалашықтарда жылыту іске қосылғаны туралы баяндады. Жекелеген қиындықтарға қарамастан, қазандықтарды қысқа дайындау және отын жеткізу бойынша барлық мәселелер дер кезінде шешілді. Ақмола, Аягөз, Қарағанды, Семей, Өскемен және Щучинск гарнизондарында казармалар мен тұрғын үйлерге жылу берілді. Басқа гарнизондардағы жылу жабдықтары мен коммуникациялар да пайдалануға толық дайын.

Фото
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Осы аптада басталған әскерлерді қорытынды тексеру жеке құрамның 100%-ын қамтуға тиіс. Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің, әскер тектерінің қолбасшылары әскери қызметшілерден сынақтар мен нормативтерді қабылдау жөніндегі комиссиялардың сапалы жұмысын ұйымдастыру жөнінде міндеттер қойды.

Қарулы Күштерде коронавирустық пандемияға байланысты шектеу шараларына қарамастан, ағымдағы жылы жауынгерлік оқу іс-шаралары толық көлемде орындалды. Жыл басынан бері 200-ден астам тактикалық оқу-жаттығу және 20 000-нан астам жауынгерлік атыс өткізілді.

Фото
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Міндеттерді орындауда оң нәтиже көрсеткен Шығыс Қазақстан облысында орналасқан механикаландырылған бригада бар. Бригада кенеттен дабылмен көтеріліп, барлық қойылған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Жеке құрам жоғары үйлесімділікті, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың сапалы жай-күйін көрсетті.

Елімізде алғаш рет өткізіліп отырған кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуы Алматы облысында өткізіліп жатыр. Оқу-жаттығу басшылығына оқытылатын жеке құраммен террористік және криминалдық элементтерді жандандыру жағдайында бітімгершілік күштерді қолдану мәселелерін қосымша зерделеуге және іс жүзінде пысықтауға нұсқау берілді. Білім алушылардың барлық іс-әрекеттері халықаралық гуманитарлық құқық нормаларына және БҰҰ жарғысына сәйкес орындалуы тиіс.

фото
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшылығы «Нұр» деп аталатын төрт жаңа радиолокациялық станцияны уақытылы қабылдауға және іске қосуға бағытталған. Аталған әскери техника «Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ құрамына кіретін қазақстандық «Гранит-Талес Электроникс» кәсіпорнында өндірілді. «Нұр» РЛС 2019 жылы Қазақстан әскерінің қару-жарақ құрамына қабылданды. Сонымен қатар, пайдалану нәтижелері бойынша әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мамандары тарапынан оң бағаланды. Жақын арада бұл радиолокациялық станциялар еліміздің түрлі өңірлерінде әуе кеңістігін барлау және бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілікке жеткізіледі.

Аппаратық кеңесте әлеуметтік сипаттағы мәселелер жеке қозғалды. 2019 жылдан бастап тұрақты жауынгерлік әзірліктегі бөлімдердің әскери қызметшілері мемлекет есебінен түскі аспен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, тамақ ішуге арналған үй-жайдың кейбір бөліктері тиісті түрде жабдықталмаған. Қорғаныс министрі жақын арада жеңіл құрылымдардан модульдік асханалар салу бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. Бұдан бөлек әскери тіршілік нысандарын салу кезінде міндетті түрде қосалқы үй – жайларды, логистика элементтерін, кірме жолдарды, қойма алаңдарын жабдықтауды, сондай-ақ қажетті жиһазбен қамтамасыз етуді көздеуге нұсқау берілді.

Фото
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1878166-otandyk-ndiristi-trt-radiolokacialyk-stanciasy-kazakstan-skerini-karu-zarak-kramyna-tsedi.html