RU

Атырауда жол апатынан 9 адам қаза тапты: Қайғылы жағдайға қатысты тың деректер шықты

ФОто
Оқиға орнынан фото: Ақ Жайық

4 қазан күні Атырау – Ақтөбе тас жолында жантүршігерлік жол көлік апаты орын алды. Renault Duster мен Geely көліктерінің бетпе бет соқтығысуы салдарынан барлығы 9 адам оқиға орнында қаза болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақ Жайық газетіне сілтеме жасап.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, жол апатында қаза болғандардың жеке тұлғалары анықталған.

Renault Duster көлігінде Доссордың тұрғындары - 57 жастағы жүргізуші, 55 жастағы әйелі мен 15 жасар ұлы және 36 жастағы туысы болды. Geely көлігінде 36 жастағы жүргізуші – қала маңындағы Томарлы ауылының тұрғыны, 67 жастағы әйел - Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылының тұрғыны және Атыраудың үш тұрғыны – 63 жастағы ер адам мен әйел, сонымен қатар 38 жастағы әйел отырған.

Алдын ала берілген ақпарат бойынша, олардың барлығы өзара туысқандар екен.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345 бабының 4-бөлігі "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғалуда.

Еске сала кетсек, осыған дейін Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, соның салдарынан тоғыз адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878170-atyrauda-zol-apatynan-9-adam-kaza-tapty-kajgyly-zagdajga-katysty-ty-derekter-sykty.html