Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда неліктен банкоматтардың жұмыс істемей жатқаны белгілі болды

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстандықтар банкоматтағы шоттарынан ақша ала алмай жүр. Жергілікті БАҚ өкілдері елдегі бірнеше ірі банктерге қоңырау шалған. Ал қаржы ұйымдарының көпшілігі бұл операцияның қазіргі уақытта қолжетімсіз екенін растап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қырғызстан агенттігіне сілтеме жасап.

Оның себебін Қырғызстан банктер одағының басшысы Әнуар Әбдіраев түсіндірді.

"Бүгін банкоматтардағы ақшаның бәрі алынды, операциялар жасалмауы үшін автоматтар ағытылды. 2005 және 2010 жылдардағы оқиғалар есіңізде болар. Ол уақытта кейбір адамдар банкоматтарды бұзып, тонап кетті. Сол жағдай ескеріле отырып, осындай шешім қабылданды", - деді ол.

Әбдіраев ертең коммерциялық банктердің кеңселері мен банкоматтар қайтадан жұмыс істей бастайтынын жеткізді.

Еске салсақ, 4 қазанда сайлау қорытындысына наразылық білдірген адамдар Ала-Тоо алаңына шығып, митинг өткізген болатын.

Оған қоса, Қырғыз парламенті мен президент аппараты жайғасқан Бішкектегі Ақ үйдің төртінші қабаты өртке оранды. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына келіп жеткен.

Сондай-ақ, Қырғызстандағы наразы халық Бішкектегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына кіріп, елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторындағы қамаудан шығарып алды.

Ал бүгін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков жекелеген саяси күштердің мемлекеттік билікті заңсыз жолмен басып алуға тырысқанын мәлімдеді.

Соңғы ақпараттарға сүйенсек, Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы Жогаргу Кенеш сайлау нәтижелерін жарамсыз деп таныған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878173-kyrgyzstanda-nelikten-bankomattardy-zmys-istemej-zatkany-belgili-boldy/

pixel