Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көмек сұраймын": Химиялық кастрация жасалған педофил жағдайы туралы айтты

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында химиялық кастрация жасалғандар шағым айтты. Бала зорлап сотталғандар жазаның бұл түрін тым ауыр санайды. Химияның "дәмін" татқан екеуі алғашқы екпеден кейін-ақ жыларман болып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Әлсіздік, әлсіреп, жүрек шаншып, өзі еркіндікте жүргенде бауырым ауыратын. Одан кейін аяғыма екпе салған жер толық ұйып қалды. Сонымен ойлап жатырмын, бұл келешекте зиян тиетінін біліп тұрмын. Өміріме зияны тие ме деп қорқып тұрмын. Қатты қорқамын. Сіздерден көмек сұраймын. Болашаққа деген үмітім бар, өмір сүруге талпынысым бар", - деді жазасын өтеуші.

Алғашқы инеден-ақ денсаулығы сыр бергенін айтқан олар кастрация заңын қайта қараса дейді.

Телеарна мәліметінше, жазаның бұл түрі әзірге Төле би ауданындағы ИЧ 167/9 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 24 және 27 жастағы азаматтарға жасалған. Препарат әр екі апта сайын салынып тұруы тиіс. Екпеден кейін "азап тартасың" дегендердің біреуі 15, екіншісі 16 жылға темір торға тоғытылған.

Айта кетейік, ауыр қылмыс жасағандарға арналған қатаң тәртіптегі абақтыда 400-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Олардың 78-сі кәмелет жасына толмағандарға азғындық жасалды деп айыпталғандар. Алайда 76-сына бұл жаза қолданылмайды екен.

Өйткені, аталған түзетулер заңға 2018 жылы енгізілгеніне байланысты, енді тек педофил деп танылғандарға мәжбүрлі түрде химиялық кастрация жасалмақ.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Естеріңізге сала кетейік, елімізде жыл басынан бері, кәмелеттік жасқа толмаған 550 бала педофил құрбаны болыпты. Олардың дені 14 жасқа толмаған қыз балалар. Ішкі істер министрлігі деректеріне қарағанда, балаға зорлық жасағандардың басым көпшілігі жақын туысы. Араларында туған баласына қорлық көрсеткен әкелер де бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878177-kmek-srajmyn-himialyk-kastracia-zasalgan-pedofil-zagdajy-turaly-ajtty/

pixel