Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таулы Қарабақтың астанасында бірнеше жарылыс болды (видео)

Опубликовано:

Таулы Қарабақ жарылыс
Фото: РИА Новости

Өткен түнде мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының астанасында бірнеше жарылыс болып, әуе дабылы іске қосылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Таулы Қарабақ астанасы Степанакертте 20 минут бойы әуе дабылы естілген деп жазды РИА Новости.

Сондай-ақ түнде қалада бірнеше жарылыс болды.

Белгілі болғандай, тұрғындар жарықты тасалау үшін электр жарығын өшірген. Оның үстіне, қаланың кейбір аудандарында электр қуаты мен су жоқ.

Айта кетейік, кеше Армения қорғаныс министрлігінің өкілі Таулы Қарабақтағы байланыс сызығындағы түн тыныш өткенін хабарлаған еді.

"Халықаралық қауымдастық Таулы Қарабақ қақтығысы аймағында ұрыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырғаннан кейін майдан шебіндегі түн тыныш өтті", - деп жазды Шушан Степанян.

Ол бұдан әрі шиеленіскен жағдайда жауапкершілікті Әзірбайжанның әскери-саяси басшылығы көтеретінін айтты.

Еске салсақ, Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Осыдан кейін Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілгенін жазған едік.

Сондай-ақ бұған дейін мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының президенті Араик Арутюнян Әзірбайжанға үндеу жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1878189-tauly-karabakty-astanasynda-birnese-zarylys-boldy-video/

pixel