RU

Еуроодақ Қырғызстандағы наразылықтарға қатысты мәлімдеме жасады

Еуроодақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Еуропалық Одақ Қырғызстанның барлық саяси күштерін Конституция аясында әрекет етуге және ішкі жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге шақырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

24.kg газеті жазғандай, Орталық сайлау комиссиясы Жогорку Кенештегі сайлау нәтижелерін жарамсыз деп танығаннан кейін Еуропалық Одақ мәлімдеме жасады. Еуропалық Одақ Қырғызстандағы барлық саяси күштерді Конституция аясында әрекет етуге және жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге шақырады.

«Біз Қырғызстанның халықаралық міндеттемелері мен азаматтарының демократиялық құқықтарына сәйкес жаңа, сенімді, ашық және инклюзивті сайлау өтуін асыға күтеміз. Еуропалық Одақ тәуелсіздік алғаннан бері Қырғызстанның демократиялық жолын қолдап келеді және қолдай береді», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қырғызстанның ОСК Жогорку Кенештегі сайлау нәтижелері жарамсыз деп танылғанын мәлімдеген. ОСК шешімін комиссия мүшелерінің бірі Гүлнара Джурабаева растады.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қазанда Қырғызстан астанасында парламенттік сайлаудың нәтижелеріне наразы азаматтар наразылық акцияларын өткізген болатын.

Ақ үйдің күл талқаны шыққанын мәлімдеген қырғызстандық белсенділер көпшіліктен ғимаратты босатуды сұраған еді.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков жекелеген саяси күштердің мемлекеттік билікті заңсыз жолмен басып алуға тырысқанын мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878193-euroodak-kyrgyzstandagy-narazylyktarga-katysty-mlimdeme-zasady.html