RU

Павлодарда ер адам суретке түсіруден бас тартқан көршісін ұрып тастады

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Павлодар тұрғыны өзін суретке түсіруден бас тартқан көршісін ұрып тастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ ресми медиа-порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, Павлодар тұрғыны көршісінен өзінің ұялы телефонына суретке түсіріп жіберуін өтінген. Мас көршісі суретті тегін түсіруден бас тартып, өз қызметі үшін бір бөтелке арақ сұраған.

Жай ғана өтініш осылайша түсініксіз дауға ұласқан. Жанжал кезінде ер адм көршісін ұрып жіберген. Жәбірленушінің ауруханаға жатқызылған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған.

Полицияның ақпаратына сүйенсек, ер адам ислам дінінін деструктивті ағымы - салафизмді ұстанады.

Еске сала кетсек, Павлодар облысында жол апты орын алып, төрт адам жан тапсырды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтоғай ауданындағы Ақтоғай-Шолақсор автожолының 63 шақырымында 43 жастағы ВАЗ 21041 автокөлігінің жүргізушісі трактор тіркемесімен соқтығысқан. МТЗ тракторын 47 жастағы жүргізуші басқарған.

Сондай-ақ, Павлодарда такси жүргізушісі адам өлтіргені үшін 18 жылға сотталғанын хабарлаған едік.

Сотталушының адвокаты оның қорғаушысына қатысты іс ойдан шығарылған деп сендіреді.

Бейнежазбаның кадрларынан арнайы жедел әрекет ету отряды офицерінің тұтқындау кезінде көлікке мініп, бір минутқа жетпей қайта секіріп түскенін анық көруге болады. Қорғаушы марқұмның әмияны осы сәтте көлікке қасақана тасталған деген ойда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878204-pavlodarda-er-adam-suretke-tsiruden-bas-tartkan-krsisin-ryp-tastady.html