RU

Трамп Ресеймен "сөз байласуы" бойынша құжаттарын құпиясыздандырмақ

Трамп 111
Фото: Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қатысы бар барлық құжаттары мен хат алмасуларын ашуға рұқсат берді. Оған 2016 жылғы сайлауда Ресеймен байланыс жасаған деген айып тағылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

АҚШ президенті Ресейге қатысы бар барлық хат алмасуларын құпиясыздандыруға шешім қабылдады. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында мәлім етті.

"Мен Америка тарихындағы ең үлкен саяси қылмыс – Ресей мистификацияна қатысты барлық құжаттарды толық құпиясыздандыруға рұқсат бердім. Дәл Хиллари Клинтонның поштасымен болған даудағыдай, ешқандай редакциялаусыз!", – деп жазды Трамп.

Fox News ақпарынша, былтыр президент бас прокурор Билл Баррға 2016 жылғы Трамп компаниясын зерттеуге қатысты кез-келген құжатты құпиясыздандыруға өкілдік берген. Сондай-ақ АҚШ басшысы сол кезде барлау қоғамдастығы өкілдеріне Баррдың тергеу жұмыстарына қатысуға бұйрық берген.

Бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған Дональд Трамптың ауруханадан шыққанын хабарлаған едік.

АҚШ президенті дүйсенбі күні коронавирустан емделіп жатқан Уолтер Рид ұлттық әскери-медициналық орталығынан Ақ үйге оралды.

Ақ үйдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы өзін "өте жақсы" сезінетінін айтқан.

Кейінірек Дональд Трамп Ақ үйге кіргеннен соң денсаулығы жайлы баяндап, видео-хабарлама жасады.

Айта кетейік, АҚШ президенті кеңесшісі Хоуп Хикстен COVID-19 расталғаннан кейін карантинге жатқызылған болатын. Ал Трамптың өзі коронавирусқ тест тапсырып, нәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878225-tramp-resejmen-sz-bajlasuy-bojynsa-kzattaryn-kpiasyzdandyrmak.html