Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайран ағам-ай": Айгүл Иманбаева марқұм Кеңес Дүйсекеевті еске алды (видео)

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева мен Кеңес Дүйсекеев
Фото: Видеодан кадр

Қазақ эстрадасының жұлдызы Айгүл Иманбаева өнердегі ағасы Кеңес Дүйсекеевтің қазасын әлі де толыққанды қабылдай алмай жүр. Өнер иесі белгілі композиторды есіне алып, оған сағынышқа толы жазба арнады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Иманбаева Instagram парақшасында жеке мұрағатындағы видеоны жариялап, марқұм композитормен өткізген ерекше сәттерін есіне алды. Аталмыш бейнежазбада қос жұлдыздың ән жазу үрдісі көрініс тапты.

Дүйсекеев музыкалық аспапта әуенді ойнаса, Иманбаева ән салып жатқанын көруге болады. Эстрада жұлдызы марқұм ағасының аманатына қиянат жасамай, алдағы уақытта ақыры шығып үлгермеген өлеңді жазып аяқтауға уәде етті.

"Қайран Кеңес ағамай, самолетте отырып ,Ағамның мені шақырып алып, маған арнап,аттай қалап берген әні есіме түсіп,видеоны ақтарып көңілім босап кетті.Ағау аманатқа қиянат жасамаймын,бұйыртса жазып бітіремін. Иманыңыз саламат болсын. Комопозитор Кеңес Дүйсекеев" , - деп жазды Айгүл Иманбаева.

Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызына барынша қолдау білдіріп, мықты болуға шақырды.

"Өте жақсы кісі еді" , "Дұрыс әнін жарыққа шығар. Ел-жұрт естісін" , "Ұлы Адамдардың шығармаларын шаң қаптыратын да, саф алтындай жарқырататын да өздеріңсіңдер, аяулы жандар! Қайран Аға, алаң болма, жер бетінде Айгүлдердей адам барда" , _ деп жазуда олар.

Айта кетейік, отандық танымал композитор Кеңес Дүйсекеев тоғызыншы шілде күні қайтыс болды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 74 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1878228-kajran-agam-aj-ajgl-imanbaeva-markm-kees-djsekeevti-eske-aldy-video/

pixel