Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда қылмыстық топ лидерінің інісі облыс басшысы орнына таласты

Опубликовано:

Қалмамбет Анапияев губернатар болды
Қалмамбет Анапияев. Видеодан кадр: Kaktus Media Facebook парақшасы

Минскіде өлтірілген криминал әлемінің серкесі Алмамбек Анапияевтің туған інісі Қалмамат Анапияев Ош облысының басшысы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Анапияевтің қызметке келуі туралы 24.kg басылымына мемлекетік әкімшілік хабарлады. 6 қазан күні облыстың жаңа губернаторы ұжымға таныстырылды.

Басылым ақпарынша, бұл қызметке тағайындау барысында дау туған. Анапияевтан бөлек, губернатор қызметіне "Мекенчил" партиясының өкілі Торобай Келдибаев үміткер болыпты.

Келдібаев облыс әкімшілігіне келгенде Анапияев облыс басшысы кабинетін иемденіп үлгерген екен. Нәтижесінде үміткерлер арасында жанжал туып, жаппай төбелеске ұласқан.

Басылым жаңа губернатордың ағасы Алмамбет Анапияев Қырғызстандағы криминал әлемінің серкесі және ұйымдасқан қылмыстық топтың лидері болғанын еске салады. 2003 жылы Анапияев тонау ісі бойынша кінәлі деп танылып, сегіз жыл колонияға жабылады. Ол 2006 жылы шартты түрде мерзімінен босап шығады.

2011 жылы Анапияевқа адам ұрлау, заңсыз бостандықты шектеу және қарақшылық сынды үш қылмыс бойынша айып тағылған. Елден қашып кеткен күдіктіге халықаралық іздеу салынады. Кей ақпарат бойынша, ол алдымен БАӘ-де, кейінірек Беларусьте жасырынған. 2015 жылы беларусьтік БАҚ Анапияевтің Минскіде өлтірілгенін хабарлады.

Айта кетейік, қырғызстандық сарапшылар елдегі саяси ахауал шиеленіскен сәтте Сооронбай Жээнбеков өз еркімен отставкаға кетуі керек деп санайды.

Алайда, президенттің 5 қазанда жасаған мәлімдемесінде оның қызметінен өз еркімен әзірге кетуге ниетті емес екені байқалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878230-kyrgyzstanda-kylmystyk-top-liderini-inisi-oblys-bassysy-ornyna-talasty/

pixel