Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бішкектегі тәртіпсіздіктерден зардап шеккендер саны көбейді

Опубликовано:

Бішкектегі тәртіпсіздіктерден зардап жеккендер саны 768-ге жетті
Бішкек. Ала-Тоо алаңы. Фото: Nezir Aliyev/Anadolu Agency via Getty Images

Түн ішінде Бішкектегі наразылық шерулері мен митингтерден зардап шеккендер саны өсті. Бірнеше күнде 768 азамат дәрігерлерге жүгінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

24.kg басылымы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап Бішкектегі тәртіпсіздіктер құрбандарының саны туралы жаңартылған мәліметтерді жариялады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша барлығы 768 адам медициналық көмекке жүгінген, олардың 550-і дәрігерлерден көмек пен ұсыныстар алып, амбулаториялық емделуге жіберілген. Осы уақытқа дейін тәртіпсіздіктерден зардап шеккен 218 адам Бішкектегі ауруханаларда жатыр. Оның жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Ала-Тоо алаңына шыққандардың бірі қайтыс болғанын елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған болатын. Айтуларынша, ер адамды Ұлттық емханаға алып келген. Ол ауыр дене жарақатынан көз жұмған.

Оған қоса, Қырғызстандағы наразылық шаралар мен митингтер бүгін түнде де жалғасын тапты. Наразылық білдірушілер қаржы полициясының ғимараты мен мемлекеттік резиденцияны басып алуға тырысқан. Алайда, халық жасағы олардың жолына тосқауыл болды.

Оның үстіне, ашуға булыққан наразы халық парламенттің шұғыл жиналысы өтіп жатқан "Достук" қонақ үйінің ішіне баса көктеп кірді. Қонақ үй алдында жиналған көпшілік оларға жаңа премьер-министр мен Жогоргу Кенеш депутаттарының ел алдына шыққанын талап еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878249-biskektegi-trtipsizdikterden-zardap-sekkender-sany-kbejdi/

pixel