RU

Заречный колониясында қақтығыс салдарынан сотталғандар зардап шекті

абақты
Көрнекі фото: NUR.KZ

5 қазанда Алматы облысындағы ЛА-155/14 орташа қауіпсіз мекемесінде (Заречный кенті) бірнеше сотталғандар арасында күнделікті тұрмыс негізінде жанжал туындаған. Үш адам ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ішкі істер министрлігі ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаментте атап өткендей, тұрмыстық жанжалдың алдын алу уақытылы жүргізіліп, жаппай тәртіпсіздіктерге жол берілмеді. Сотталушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Олардың үшеуі қазір Қапшағай ауруханасында жатыр, олардың жағдайын дәрігерлер бақылауда ұстап отыр. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.

Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін колонияға қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы, арнайы прокурор, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігі мен қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері келді. Қазір мекеменің ішкі жағдайы тұрақталған. Бұл факт бойынша тергеу басталды, қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлап, зорлады деп айыпталған күдікті Қарағанды ​​тергеу абақтысында өмірімен қош айтысты деген ақпарат пайда болды. Ақпаратқа Қарағанды ​​облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде түсініктеме берілген болатын.

Айта кеткен жөн, Атырауда шарлар ілініп, ортаға торт пен жеміс-жидек, сусындар қойылған тергеу изоляторының мәжіліс залында бірнеше ай бұрын тергеу изоляторына түскен 37 жастағы айыпталушы ер адам мен оның бостандықтағы сүйіктісінің некелері қиылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878271-zarecnyj-koloniasynda-kaktygys-saldarynan-sottalgandar-zardap-sekti.html