Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балалы болғым келеді": Қазақстандық педофил шетелдік БАҚ назарына ілікті (фото)

Опубликовано:

Химиялық кастрация
Фото: dailymail.co.uk/Abomus

Химиялық кастрациядан құтқаруды сұраған қазақстандық педофил белді ағылшын басылымының назарына ілікті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Daily Mail ағылшын басылымы қазақстандық педофилдің химиялық кастрациядан қиналып жатқанын сөз еткен.

"Сотталған педофил Қазақстанда химиялық кастрациядан өткеннен кейін жағдайы ауырлағаны соншалық, жүруден қалғанын айтуда. Белгісіз ер адам түрмеге 16 жастан кіші қыз баланы зорлағаны үшні 15 жылға тоғытылған. Ол мұндай "өте ауыр жазаны, тіпті жауына да қаламайтынын" айтуда. Зорлаушы отбасылы болуды қалайтынын айтып, кастрацияға тыйым салуды сұрап отыр", - деп мақаласын бастады басылым.

Басылымның жазуынша, Қазақстанда 2018 жылдан бері 11 педофил кастрациядан өткен.

"Қазақстанда педофилдерді кастрациялау кезінде ципротерон атты екпе салынады. Химиялық кастрация жазасына кесілген педофил өз есімін жария етпегенімен, химиялық касрациядан тартып жатқан азабы туралы айтып берді. Алғашқы екпеден кейін ер адам "жалбарынып көмек сұрап, химиялық кастрацияны болдырмауды өтінуде", - деп жалғастырды шетел басылымы.

Ағылшын басылымының сөзіне сенсек, педофил балалы болғысы келетінін алға тартқан.

"Мен әлі де үйіме оралып, бұрынғы өмірімді жалғастыратыныма үміттімін. Отбасым, балаларым болғанын қалаймын. Екпеден кейін денем қатты ауыратыны соншалық, жүруден қалдым", - деп педофилдің сөздерін келтірді мақала авторы.

Басылым мәліметіне сәйкес, Қазақстан билігі балаларға зорлық көрсеткен 88 педофилге кастарция жасау үшін арнайы қаражат бөлген. Мақала авторы педофилге екпе салып жатқан медбике Зоя Мананенконың суретімен де бөлісті.

Химиялық кастрация жасау сәті
Химиялық кастрация жасау сәті. Фото: dailymail.co.uk/ Kazakhstan Penitentiary System
"Мананенко мұндай жазаны қолдап отыр. Айтуынша, "бұндай адамдарды тоқтатудың өзге жолы жоқ, себебі олар балаларға қатысты ауыр қылмыс жасап отыр". 68 жастағы Зоя Мананенко бұл жазаны қолдану дұрыс деп санайды", - деп жазады басылым.

Алайда, басылымның айтуынша, ресейлік психиатр Михаил Первушин химиялық кастрациядан өткен педофил бостандыққа шыққанда одан бетер қауіпті болуы мүмкін екенін алға тартыпты.

Оның сөзіне сенсек, педофилдер психикалық дертке шалдыққан және сесуалдық ойларын іске асыра алмағаны үшін, тіпті адам өлтіруге дейін баруы мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін біз Түркістан облысында химиялық кастрация жасалған педофил жағдайы туралы айтқанын жазған едік.

Одан бөлек, Сәтбаевта қыз зорлады делінген күдікті тергеу изоляторында өлі күйінде табылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878278-balaly-bolgym-keledi-kastracia-zasalgan-kazakstandyk-pedofil-seteldik-bak-nazaryna-ilikti-foto/

pixel