RU

"Зорлап, камераға түсірген": 36 жастағы әйел үш жыл бойы құлдықта болғанын мәлімдеді

жәбірленуші 12
Кадр видеодан алынды: almaty.tv

Алматы облысының 36 жастағы тұрғыны Жамбыл облысы Аса ауылында 3 жыл бойы құлдықта болғанын мәлімдеді. Айтуынша, жергілікті кәсіпкер оны еркінен тыс күштеп ұстаған, ұрып-соғып, зорлаған. Бұл оқиғаға полиция пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Ақша табу үшін Жамбыл облысына барған әйел адам жұмыс берушісінің оны аяусыз қанап, зорлық-зомбылық көрсеткенін айтады. Ал осыдан шамамен екі апта бұрын кәсіпкер оған ақшасын төлемей қуып жіберген көрінеді.

"Арағын ішіп, анашасын шегеді де, не істеп, не қойғанын білмейді. Ұрады. Ол үйде екеуімізден басқа адам жоқ. Сонымен ажырататын адам болмай, талай қашып келдім. Бірақ қайтадан алып кетті. Білгенін істейтін, анаша шектіртетін маған. Содан мен есімді жоғалтып аламын да, ұйықтап қаламын. Ал ол кісі мені видеоға түсіріп, білгенін істейді екен", – деді жәбірленуші.

Айтуынша, ол 51 жастағы жергілікті кәсіпкерден 3 жыл бойы зорлық көрген. Осындай жағдайлардың бірінде әйелді кеудесінен қатты ұрып, салдарынан жәбірленуші күрделі ота жасатқан көрінеді.

жәбірленуші 13
Кадр видеодан алынды: almaty.tv

Келіншек бірнеше рет құқық қорғау органдарына жүгініп, арыз жазғанын жеткізді. Бірақ түсініксіз себептермен іс қаралмағанын айтады. Бұл жағдайды Жамбыл облысы полиция департаментінің өкілдері арызданушының арызын қайтарып алуымен байланыстырып отыр.

"Жамбыл аудандық полиция бөліміне 2018 жылдың 8 шілдесінде Жамбыл ауданы Тастөбе ауылының 34 жастағы тұрғыны өзімен тұрып жатқан ер кісінің заңсыз әрекеттік фактілері бойынша жүгінген болатын. Өзінің арызында азаматша жанжал кезінде ер адам оған дене жарақатын салғанын жазған. Полиция қызметкерлері үйлеріне барғанда, арызданушы берген мәлімдемесінен бас тартты", – деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Осылайша, бұған дейін жергілікті полиция басқармасында бұл іс екі тараптың татуласуына және қылмыстық құқық бұзушылық фактісі болмауына байланысты есептен шығарылыпты. Ал қазіргі уақытта ер адамның есірткі қолданып отырған видеосына байланысты ақпараттың растығын анықтау үшін бірқатар тексерулер жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта құқық қорғау қызметкерлері бұл оқиғаның мән-жайын анықтайты болады.

Осыған дейін әлеуметтік желіде Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлап, зорлады делінген күдікті Қарағандының ​​тергеу абақтысында өмірімен қош айтысты деген ақпарат пайда болған еді. Ақпаратқа Қарағанды ​​облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті түсініктеме берді.

Еске салсақ, бұған дейін Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейіннен бөтен пәтерден табылған еді. Жергілікті тұрғындар ұсталған күдіктіні өздеріне беруді талап еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878285-zorlap-kameraga-tsirgen-36-zastagy-jel-s-zyl-bojy-kldykta-bolganyn-mlimdedi.html