RU

Маржан Арапбаева Мысырда жолдасымен естен кетпес демалыс өткізуде (фото, видео)

Маржан Арапбаева жолдасымен
Фото: Instagram/ arapbayevamarzhan

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Маржан Арапбаева күйеуімен бірге Мысырда деемалып жатыр. Ерлі-зайыптылар өзге өнер иелерінен қалыспай, шетел асып кеткен. Әлемдегі пандемияның әлі де басылмағаны оларды қорқытпаса керек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маржан Арапбаева романтикаға толы демалысынан ерекше кадрлармен Instagram парақшасында бөлісті. Онда эстрада жұлдызының жолдасымен құшақтасып, бір-біріне қарап тұрғанын көруге болады.

Өнер иесінің әлеуметтік желідегі видеоларына қарап, ерлі-зайыптылардың демалысқа балаларынсыз келгенін айтуға болады. Олар Мысырда тек екеуі ғана уақыт өткізуді жөн көрген.

Әдетте жеке өмірін барынша жасырын ұстауға тырысатын Маржан Арапбаева бұл жолы жанкүйерлеріне ашылды. Ол сүйіктісімен түскен суреттерін жариялап, естен кетпес демалысы қалай өтіп жатқанын егжейлі-тегжейлі айтып өтті.

Айта кетейік, Маржан Арапбаева коронавирус пандемиясына қарамастан шетел асып кеткен жалғыз танымал тұлға емес. Оған дейін алғашқылардың бірі болып Мысыр еліне Мадина Сәдуақасова аттанған болатын. Ол демалысын ұлы мен туған сіңлісімен өткізді.

Ләйлә Сұлтанқызы қос ұлымен Түркияда демалса, Қайрат Нұртас анасы мен інісімен, Нұрлан Еспанов, Айжан Байзақова мен Мадлен есімді танымал отандық сәнбике Араб Әмірлігіне жол тартқан. Олар Дубай қаласында саяхаттап жүр.

Сонымен қатар, "Аюми" тобының бұрынғы мүшесі Айдана Мәлік те бүгінде отбасымен Дубайда.

Тәуекел Мүсілім де әйелімен енді бал айына аттануды шешкен. Алайда, жас жұбайлар қай елге кеткелі жатқандарын әзірге ашып айтпады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878291-marzan-arapbaeva-mysyrda-zoldasymen-esten-ketpes-demalys-tkizude-foto-video.html