Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шыңжаңдағы көшпенді қазақтардың өмірі қандай (видео)

Опубликовано:

Киіз үй
Скриншот: CGTN

Қытайдың CGTN арнасы Шыңжаңдағы көшпенді қазақтардың тыныс-тіршілігін әлем назарына ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

China Global Television Network арнасының 1,88 млн жазылушысы бар YouTube парақшасында Шыңжаңдағы көшпенді қазақтардың өмірін көрсететін бірқатар видео жария болған.

Видеолардың бірінде тілші Сюй Мэнци үш баласы бар қазақ отбасына қонақ болып қайтады. Ол таулы аймақта күнделікті ауыр су таситын қазақ балаларының қайрат-күшіне таңданыс білдірді.

Тағы бір видеода Занг Шицзе есімді тілші қазақ киіз үйімен танысып, көшпенділердің өмірін әлем назарына ұсынады. Бауырсақ пен тағамнан ауыз тиген тілші киіз үйдің ерекшеліктерін сөз етіп, сиыр сауады.

Кезекті видеода жылқының құлағында ойнайтын 25 жастағы қазақ жігіті Тасыкеннің өмірі көрсетілсе, енді бірінде қазақтардың "Қыз қуу" дәстүрі мен домбырасы сөз етіледі.

Айта кетерлігі, аталмыш арна Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылы Шанхай халықаралық әуежайына келген сәтінен видеомен де бөліскен.

Еске салсақ, бұған дейін біз қазақтың киіз үйіне тәнті болған америкалықтар заманауи ғажайып үй тұрғызып жатқанын жазған едік.

Одан бөлек, АҚШ-тың белді CNN телеарнасының ресми сайты Моңғолияда тұратын сымбатты қазақ жігіті туралы ауқымды материал жария етіп, оны "көшпенді Брэд Питтке" теңегенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878295-syzadagy-kspendi-kazaktardy-miri-kandaj-video/

pixel