RU

Шымкентте жоғалып кеткен 19 жастағы қыз Нұр-Сұлтаннан табылды

Жас қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Астаналық полиция қызметкерлері "Учаске" жедел іздестіру шаралары кезінде Шымкент қаласының тұрғынын тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық полицияның "102" пультіне Шымкент қаласынан жоғалып кеткен 19 жастағы қыз туралы және оның Нұр-Сұлтанда болуы мүмкін екені туралы хабарлама келіп түскен.

"Учаске" жедел профилактикалық шараларын жүргізу кезінде полиция қызды тауып, оны ата-анасына қайтарған.

Жоғалған қыздың әкесі қызының аман-есен оралғаны үшін елордалық полицейлерге алғысын білдірген.

Еске сала кетсек, Қостанай облысында 17 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлаған едік. Арузат Құрманғалиеваның әкесі қызының жоғалып кеткенін айтып, полицияға арызданған.

Өңірлік полицейлер жоғалған жасөспірімді іздеу жұмыстарына көмек сұрайды. Жас қыз сұр түсті күрте, көк джинсы мен кроссовка киген.

Айта кетсек, Түркістан облысының полицейлері хабар-ошарсыз кеткен 57 жастағы әйелді тапқанын жазған едік.

Ордабасы аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, кешкі сағат 18.00-де әпкесінің заттарын алып, белгісіз бағытқа кеткені туралы арызданған.

Әйелді туыстары мен таныстарының үйінен іздеген полицейлер оны қалалық саябақтардың бірінен тапқан.

Тәртіп сақшылар әйелді әпкесіне тапсырды, ол Ордабасы полициясына алғысын білдірді. Белгілі болғандай, әйел отбасылық жанжал салдарынан үйден кетіп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878298-symkentte-zogalyp-ketken-19-zastagy-kyz-nr-sltannan-tabyldy.html