RU

БҰҰ Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыруға көмектесуге дайын

БҰҰ бас хатшысы
Антониу Гутерреш. фото: alchetron.com

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Қырғызстандағы жағдайға алаңдаушылық білдірді. Ол қырғыздарды диалогқа шақырып, халықаралық ұйымның қалыптасқан жағдайдың бейбіт жолмен шешілуіне қолдау көрсетуге дайын екенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Антониу Гутерриштің мәлімдемесі БҰҰ жаңалықтар орталығының сайтында жарияланды.

"БҰҰ бас хатшысы 4 қазандағы парламент сайлауына байланысты наразылықтар өршіген Қырғыз Республикасындағы жағдайды мұқият бақылап отыр. Митингілер кезінде бір адам көз жұмып, жүзден астамы жарақат алған", – делінген хабарламада.

Ұйымның бас хатшысы кісі өліміне байланысты көңіл айтып, оқиға қатысушыларын барынша сабыр сақтап, зорлық-зомбылыққа бармауға шақырды.

Гутерреш қырғыздарды диалогқа шақырып, Конституция шеңберінде келіссөздер жүргізуге кеңес берді. Айтуынша, халықаралық ұйым қалыптасқан жағдайды бейбіт жолмен шешуге бағытталған кез келген әрекетті қолдауға дайын.

Айта кетейік, бұған дейін Еуроодақ Қырғызстандағы наразылықтарға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Еуропалық Одақ Қырғызстанның барлық саяси күштерін Конституция аясында әрекет етуге және ішкі жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге шақырады.

Естеріңізге сала кетсек, 5 қазанда Қырғызстан астанасында парламенттік сайлаудың нәтижелеріне наразы азаматтар наразылық акцияларын өткізген болатын.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков жекелеген саяси күштердің мемлекеттік билікті заңсыз жолмен басып алуға тырысқанын мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878300-b-kyrgyzstandagy-zagdajdy-traktandyruga-kmektesuge-dajyn.html