Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19-дың екінші толқынына дайындық: Тоқаев кеңес өткізді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы кеңес өткізді
Фото: facebook.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі өзінің ресми парақшасында мәлімдеді.

Жиында еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, қала және облыс әкімдері есеп берді.

Еске салсақ, Қазақстанда өткен тәулікте 66 адамнан коронавирус анықталып, ауру жұқтырғандардың жалпы саны 108 362-ге жетті.

Айта кеткен жөн, кеше, 6 қазан күні елордалық әуежайға төрт ұшақ келіп қонды. 170 жолаушының ПТР тесті жоқ, кейбірінің мерзімі өтіп кеткен. Олардың барлығы стационарларға жіберілді.

Сондай-ақ, БАӘ мен Түркиядан оралған 22 адам COVID-19 індетіне ПТР тест тапсырудан бас тартқан. Дәрігерлер оларды бірнеше сағат бойы бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысын орындауға көндірген.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 ай ішіндегі Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.

Оған қоса, мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878304-covi9-19-dy-ekinsi-tolkynyna-dajyndyk-kasym-zomart-tokaev-kees-tkizdi/

pixel