RU

Қостанайдағы қатаң режимдегі колонияда мұсылманша неке қию рәсімі өтті

Түрмедегі неке қию рәсімі
Фото: Қостанай облыстық ҚАЖД

Қостанай облысындағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан азамат пен оның Алматы облысында туған қалыңдығы неке қию рәсімін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірдің ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Неке қию рәсімін өткізуге есірткі бойынша сотталған азамат өтініш білдірген.

Бұл үшін Тобыл қаласы "Маңдай батыр" мешітінің бас имамы шақырылған. УК-161/2 мекемесінің инспектор-теологы Махмуд Гасановтың сөзінше, өңір колонияларында мұндай шара өте сирек ұйымдастырылады. Бұл соңғы бес жылдағы үшінші неке қию рәсімі болып отыр.

Жұбайлар некелерін қазақстандық заңнамаға сәйкес те бекітіп үлгерген. Қалыңдық мекеме қызметкерлерінің жылдам әрекет еткеніне таңданып отыр.

Себебі Алматы облысынан келген арудың ұзақ уақыт қалуға мүмкіндігі болмаған.

"Некелесу тәжірибесі жыл сайын танымал болып барады. Бір жылдың ішінде Қостанай облысындағы колонияларда 50 неке қию рәсімі өтті", - дейді ҚАЖД баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысындағы АП-162/3 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азамат сүйіктісімен заңды некеге тұрғанын хабарлаған болатынбыз. Екі жастың бір-бірін табуына достары себепші болған екен.

Сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты орта және ауыр қылмыс жасаған сотталған азаматтар жазасын өтейтін ИЧ 167/3 мекемесінде 16 жылдан бері жұмыс істейтін наубайхана туралы жазған едік.

Аталған түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер қолөнермен де айналысып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878314-kostanajdagy-kata-rezimdegi-koloniada-msylmansa-neke-kiu-rsimi-tti.html