Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тукадан аса ауыр сөз естідім": Жұлдызай алғаш рет театрдан кету себебін айтты

Опубликовано:

Жұлдызай Дүйсенбиева
Фото: Видеодан кадр

"Шаншар" және "Алдараспан" атты әзіл-оспақ театрларында өнер көрсетіп, қалың көпшілікке танылған Жұлдызай Дүйсенбиева өзінің сахнадан кетуінің басты себебін алғаш рет ашып айтты. Актриса материалдық жағынан бөлек, сол кездегі басшысы, әйгілі әзілкеш Нұржан Төлендиевтің ауыр сөзінен кейін театрдағы жұмысын жалғастырғысы келмеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызай Дүйсенбиева бірнеше жылдан бері көпшілік көкейінде жүрген сұраққа "Ойбай шоу" бағдарламасына берген сұхбатында жауап берді.

Белгілі болғандай, "Алдараспан" директоры Нұржан Төлендиевтің оған аса ауыр сөз айтып, намысына қатты тиген. Актриса бірнеше жыл бойы үлкен белестерді бірге бағындырып келген әріптесінен сондай сөздер есту қиынға соққанын жасырмады.

"Неге кеттім? Оны бәрі жақсы біледі. Материалдық жағдайға байланысты кеттім. Болды. Төлеген жоқ десем де болады. Аз болғаны былай тұрсын, мүлдем ақша төленбегендіктен кеттім. Менің ұстанымым мынадай: қайда жүрсең де, не істесең де адамның еңбегі бағалануы керек. Сосын, мүмкін әңгіме қыруар ақшада да емес шығар. Адамның көңіліне келетін сөз болады. Сенің бағаңды бермегені аздай, соған қоса саған ауыр сөздер айтатын кездер болады.
Ең соңғы кетуімнің себебі, Нұржанан өте ауыр сөз естідім да оны көтере алмадым. Ол жұлдыз ауырынан емес, намысқа қатты тиетін сөз болды. Содан кейін мен әрі қарай жұмыс істегім келген жоқ. Содан кейін тоқтап қалдым. Көбісі мені жылап отыр деп ойлап қалар. Бірақ, мен бұл тақырыпты өзім үшін бұрында жауып тастағанмын. Ол мәселе бүгінде маған түк қызық емес болып қалды" , - деп ағынан жарылды Жұлдызай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1878342-tukadan-asa-auyr-sz-estidim-zldyzaj-algas-ret-teatrdan-ketu-sebebin-ajtty/

pixel