Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Биыл қатаң шектеу шараларын қайта болдырмауымыз керек

Опубликовано:

Блок-бекет
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер кабинетіне қоғаммен диалог орнатуды, түйткілді мәселелер мен қауіп-қатер туралы ашық айтуды тапсырды. Оның пікірінше, бұл коронавирус пандемиясына байланысты жаңа карантин енгізудің алдын алады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Президент коммуникациямен және азаматтармен кері байланыстың аса маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы пандемиямен күресте жетістікке жету халықтың билік қабылдаған шешімдер мен шараларға сенуіне тікелей байланысты екенін жеткізді.

Ал сенім, өз кезегінде, азаматтардың биліктің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауына байланысты болады.

Айтуынша, бұл тұжырымдар тәжірибемен дәлелденген. Мемлекет басшысы азаматтармен тұрақты диалогты жалғастыру қажеттілігін, қауіп-қатер мен өзекті мәселелерді ашық айтудың маңыздылығын айтып, бұл проблемаларды шешу жолдарын ұсынды.

Президенттің сөзінше, бизнес пен азаматтар жағдайдың дамуы әрбір санитарлық және алдын алу шараларын қатаң сақтауға байланысты болатынын түсінуі керек.

"Реалистік және оптимистік сценарий бойынша біз биыл қатаң шектеу шараларының қажеттілігін болдырмауымыз керек", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, кеңес барысында коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте тапсырмаларды орындау кезінде асыра сілтеушілік болғаны үшін үкіметке ескерту жасады.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы маска бағаларын ретке келтіруді тапсырды. Президент Ресейде бетперделер 20-30 теңге тұратынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878345-tokaev-biyl-kata-sekteu-saralaryn-kajta-boldyrmauymyz-kerek/

pixel