RU

Ерлі-зайыптылар арасындағы жас айырмашылығы несімен қауіпті

Жас айырмашылығы
Көрнекі фото: hellogirl.com

Жас айырмашылығы үлкен жұптардың өмірінде біраз келеңсіз жағдайлар орын алуы мүмкін. Айналасындағы адамдардың сөзі, сыны - барлығы қос ғашықтың өміріне әсер етуі ықтимал. Осы орайда KAZ.NUR.KZ Рамблер сайтына сілтеме жасап, жас айырмашылығы үлкен ғашықтардың қандай қиындықтардан өтетінін тізіп шықты.

Жас айырмашылығы бар жұптар ештеңеге қарамастан бақытты өмір сүруіне кедергі келтіретін факторлар:

1. Әртүрлі қызығушылықтар

Біреулер екінші жартысымен қызығушылықтарының әртүрлі екенін бірден білсе, біреулерге оны түсіну үшін біраз уақыт қажет. Ерлі-зайыптылардың бірі дискотекаға барып, көңіл көтергісі келеді. Ал екіншісі жалғыз демалысын үйде өткізуді қалайды. Егер мұндай жағдайлар жиі қайталанып тұратын болса, ғашықтар арасында дау-жанжал жиі орын алатын болады.

2. Ата-ананың қарсылығы

Әрбір ата-ана баласының бақытты болғанын қалайды. Десе де өмірлік жарының өзінен әлдеқайда үлкен болғанын құптай бермейді. Ондай жағдайда ата-анамен дұрыстап сөйлесіп, өмірлік серігіңізді кездестіргеніңізді, оны шын сүйетініңізді айтып, түсіндіріңіз. Ерте ме, кеш пе олар сіздің бақытты екеніңізді көріп, өздері бәрін түсінеді.

3. Сіздің не оның балаларымен қиындықтардың болуы

Екінші жартыңыздың қызы өзінен жас немемесе жасты анасының болатынын біліп, қуана қоймайтын болар. Сол себепті бәріне дайын болған абзал. Десе де, сүйіктіңіздің ұл-қыздары оның таңдауын сылап, сізді бірден бауырына басуы да бек мүмкін.

4. Денсаулық мәселелері

Өзіңізден әлдеқайда үлкен ер азаматпен көңіл жарастырсаңыз, көпшіліктен: "он жылдан кейін өзің қиналасың" деген сөзді естіген боларсыз. Өмірде түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Сол себепті психологиялық тұрғыдан бәріне дайын болыңыз. Дегенмен, екінші жартыңыз денсаулығын күтіп, өз-өзіне қарайласа, ұзақ уақыт жастығын сақтап қала алады.

5. Қоғамның пікірі

Жас айырмашылығы үлкен жұптар үшін қоғамның пікірі үлкен сынақ болуы мүмкін. Егер айналаңыздағы адамдардың сұқтана қарағанын байқап қалған болсаңыз, көңіліңізге алмаңыз. Екінші жартыңызды шын сүйсеңіз, өзгелердің сөзі сіз үшін маңызды болмауы керек.

Айта кетейік, бұған дейін сүйіктісі өзінен бірнеше жас кіші әлемдік жұлдыздар жайлы жазған болатынбыз.

Сонымен қатар әкесімен жасты ер азаматқа тұрмысқа шыққан ару туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878353-erli-zajyptylar-arasyndagy-zas-ajyrmasylygy-nesimen-kauipti.html