RU

Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады

Путин мен Тоқаев қол алысып тұр1
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Ресей көшбасшысын туған күнімен құттықтаған.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Владимир Путиннің басшылығымен әлеуметтік-экономикалық даму бойынша айтарлықтай табысқа жеткенін, беделді мемлекет мәртебесіне ие болғанын, сондай-ақ, әлемдік  және өңірлік мәселелерді Ресейсіз шешу мүмкін еместігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және өзара түсіністікті күшейтуге зор үлес қосқаны үшін ресейлік әріптесіне ризашылығын білдірді.

Әңгімелесу барысында екі мемлекеттің коронавирус пандемиясымен күрестегі іс-қимылдарын үйлестірудің маңызды екені сөз болды.

Тараптар Таулы Қарабақ төңірегіндегі әскери қақтығыстарға қатысты ахуалды талқылады.

Сонымен қатар Қырғызстандағы оқиға жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшылары бауырлас елдердегі қоғамдық-саяси жағдайдың тезірек тұрақтанатынына үміттенетінін айтты.  

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге зор денсаулық және Ресейдің игілігі жолындағы қызметіне жаңа табыс тіледі.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонға қоңырау шалып, туған күнімен құттықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878371-tokaev-putindi-tugan-knimen-kttyktady.html