Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТМД елдерінің қарулы күштеріндегі байланысқа жауаптылар бірлескен отырыс өткізді

Опубликовано:

Басшылар кеңесте1
Фото: Қорғаныс министрлігі

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің байланыс бастықтары Үйлестіру комитетінің отырысы Беларусь мемлекетінің Брест қаласында өтті.

Отырысқа Беларусь, Қазақстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің өкілдері қатысты.

Қатысушылар Достастық қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы бойынша орындалған және жоспарланған іс-шараларды, сондай-ақ бірлескен жаттығулар өткізуді талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Үйлестіру комитетінің 2020-2021 жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспары қабылданды. Қатысушылар келесі жылы өткізілетін бірлескен жаттығулардың жоспар-кестесін бекітті. Сонымен қатар, олар комитеттің кезекті отырысының алдын ала күн тәртібін талқылап, оны өткізу мерзімі мен орны туралы келісті.

Басшылар3
Фото: Қорғаныс министрлігі

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің Үйлестіру комитеті 2002 жылдың қарашасынан бастап Қорғаныс министрлері кеңесінің жанында жұмыс істеп келеді. Жыл сайын бір рет байланыс әскерлерінің бастықтары кездесу барысында өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, бірлескен іс-шараларды жоспарлайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878391-tmd-elderini-karuly-ksterindegi-bajlanyska-zauaptylar-birlesken-otyrys-tkizdi/

pixel