RU

Қандай жағдайда қазақстандықтар IV тоқсандағы АӘК ала алмайды

ҚҚҚ2
Фото: ҚР ЕХӘҚМ

Биылғы жылдың IV тоқсанында жұмыспен қамту орталықтарына барудың қажеті болмайды, себебі төлем автоматты түрде ұзартылады. Алайда кейін олардың кірістері деректер қорында тексеріліп, белгілі бір жағдайларда АӘК берілмеуі де мүмкін.

"Қазіргі таңда III тоқсанда АӘК алғандардың арыздарын автоматты түрде IV тоқсан үшін ұзартып жатырмыз. АӘК алуға алғаш рет жүгініп отырғандар да жұмыспен қамту орталығына бармай-ақ қойса болады. Арыз "электронды үкімет" порталы арқылы беріледі, содан соң жұмыспен қамту орталығының мамандары өтініш берушінің кірістерін, отбасы құрамын тексеріп, ақпараттық жүйелерден деректер алып, оған АӘК есептеп береді. Қандай да бір құжаттар жетпей жатқан жағдайда, оларға қоңырау шалады немесе мессенджерлер арқылы нақтылайды", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі АӘК басқармасының басшысы Әсия Құрманқұлова.

азық-түлік2
Фото: ҚР ЕХӘҚМ

ЕЖӘҚМ ақпараты бойынша, IV тоқсандағы атаулы әлеуметтік көмек төлемін ұзарту үшін 650 мыңнан астам қазақстандықтың ішінде 130 мың отбасы мемлекеттік инстанцияларға жүгінбеуіне болады. Оларға берілетін төлем Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылдың 25 қыркүйегінде қол қойған бұйрығы бойынша автоматты түрде ұзартылады.

Мұндай автоматтандыру ауылдық әкімдіктер мен жұмыспен қамту орталықтарындағы адамдардың жаппай жиналуы мен коронавирустық инфекцияның таралу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

пдпдпд1
Фото: ҚР ЕХӘҚМ

Әсия Құрманқұлова АӘК Қазақстандағы аз қамтылған, яғни, жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс минимумының (бұл көрсеткіш, сондай-ақ, кедейлік шегі деп те аталады) 70% - нан аспайтын азаматтарға берілетінін нақтылады. Күнкөріс минимумының (КМ) көлемі елдің әр өңірінде әр түрлі деңгейде белгіленген. АӘК аз қамтылған азаматтарға, олардың қай топқа жататынына қарамастан тағайындалады.

Олар жұмыс істейтін немесе істемейтін, көпбалалы немесе жалғызбасты жандар, мүгедектігі бар балаларға немесе қарт адамдарға қарайтын отбасылар немесе азаматтар болуы мүмкін. Егер азаматтың жан басына шаққандағы орташа кірісі КМ 70%-на жетпесе, онда оның кірісі мен кедейлік шегінің айырмасы АӘК төлемінің мөлшерін құрайтын болады.

"Мәселен, Нұр-Сұлтандағы КМ мөлшері 40 407 теңге болса, бұл соманың 70%-ы – 28 285 теңге. 4 тоқсандағы АӘК мөлшері осы бойынша есептелмек. Егер 3 адамнан тұратын отбасында әкесі ғана жұмыс істеп, анасы үйде, баламен отырса, әкесінің жалақысы 60 мың теңге болса, бұл соманы үшке бөлсек, 20 мың теңге болады. Кедейлік шегі - 28 855 теңге, айырмасы 8 285 теңгеге тең. Үш адамға төленетін АӘК мөлшері 24 855 теңгеге тең болмақ. Төлем бірден бір тоқсанға бір-ақ жасалады. Ай сайын осы сома төленіп отыратын болады", - деп есептеп берді басқарма басшысы.

түлік1
Фото: ҚР ЕХӘҚМ

Бұдан бөлек, ол автоматты ұзартылу АӘК көлемі бұрынғы мөлшерде беріледі деген сөз емес екенін алға тартты. Құжаттар жұмыспен қамту орталығына келіп түскенде, мамандар әр отбасы бойынша деректерді қарастыратын болады. Бір тоқсан ішінде отбасы кірісі өзгеруі мүмкін. Егер кіріс азайса, сәйкесінше АӘК те өседі, егер кедейлік шегінен асып кетсе, атаулы әлеуметтік көмек берілмейді.

Сонымен бірге, егер АӘК тағайындалып қойғаннан кейін маманның тексерісі барысында отбасы мүшелерінің бірі кірісі болмаса арыз жазған азамат қосымша табысын жасырып қалғаны анықталған жағдайда ол АӘК-ні қайтарып беруі тиіс. Ал шындыққа жанаспайтын ақпарат берген отбасы жарты жыл бойы АӘК алу құқынан айырылады.

Айта кету керек, арызды ұзартқан кезде төтенше жағдай және шектеу шаралары енгізілген кезде берілген төлемдер, мәселен тәуелсіз жұмысшылардың бірыңғай есептік жиынтық төлем төлеуге байланысты 25 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі кірісі, коммуналды қызмет төлемдері, 2 АЕК көлеміндегі азық-түлік-тұрмыстық жинағына берілетін төлемдер, карантиндік шектеулер кезінде кірісінен айырылған азаматтарға төленген бірреттік көмек кіріс ретінде есептелмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878394-kandaj-zagdajda-kazakstandyktar-iv-toksandagy-ak-ala-almajdy.html