RU

Нұр-Сұлтан көшелерінің бірі төрт күнге жабылатын болды

Жол белгісі
Көрнекі фото: flickr.com

Нұр-Сұлтан қаласының Шабал Бейсекова көшесіндегі учаскеде көлік қозғалысы төрт күнге тоқтатылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты 8 қазан мен 11 қазан аралығында Шабал Бейсекова көшесіндегі учаскеде көлік қозғалысы тоқтатылатынын мәлімдеді.

"5 кірме жылу магистралі құрылысы аясында Ш. Бейсекова көшесі бойында, Оқжетпес көшесімен қиылысу учаскесінде жұмыстар жоспарланған. Осыған байланысты 8 қазан мен 11 қазан аралығында қосымшадағы сызбада көрсетілген учаскеде атокөлік қозғалысы тоқтатылады", - делінген әкімдік жариялаған ақпаратта.

Әкімдік Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс болдырмау үшін бағытын алдын ала жоспарлауы қажет екендігін ескертті.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласына кімдер қандай жағдайда кіріп-шыға алатынын жазған болатынбыз. Елорда басшысы қала маңындағы блок-бекеттерде қандай жұмыстар істеліп жатқанын айтып берген.

Одан бөлек, жүздеген адам Нұр-Сұлтандағы карантинді бұзғаны үшін жазаланғанын жазған едік. Елордалық полиция бөлімінің бастығы Нұр-Сұлтанда карантинді бұзғаны үшін жазаланғандарға қатысты тың ақпаратпен бөліскен болатын.

Сонымен қатар, Елорда көшелеріндегі қозғалысқа өзгеріс енгізілген еді. Полиция департаменті бапасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтан көшелерінің бірінде бір бағытты қозғалыс енгізілетін болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878413-nr-sltan-kselerini-biri-trt-knge-zabylatyn-boldy.html