RU

Алматы облысында 2 жастағы сәбидің мәйіті мұздатқыштан табылды

Оқиға орны
Скриншот: polisia.kz

Алматы облысында екі жастағы бүлдіршіннің жантүршігерлік өліміне қатысты күдікті ұсталды. Сәбидің мәйіті мұздатқыштан табылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы polisia.kz атты ІІД-нің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысында екі жасар бүлдіршіннің өліміне қатысты қылмыстың беті ашылды.

5 қазан күні сағат 16:00 шамасында Қаратал АПБ кезекші бөліміне Үштөбе қаласындағы жеке үйлердің бірінен екі жасар сәбидің мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түседі.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі “Жас баланы өлтіру” бойынша тіркелді. Полицияға нәрестенің туған тəтесі хабар берген.

Шілде айынан бастап жиенін көрмеген әйел полицейлерге жүгінуді жөн санайды. Сіңлісі әпкесіне баланы Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбей қойыпты. Бұл жайттың жалған екенінен іштей күдіктенген əйел, оның жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін табады.

Тәртіп сақшылары жедел түрде күдіктіні іздестіру шараларын жүргізіп, бірнеше сағат ішінде 27 жастағы Үштөбе қаласының тұрғынын ұстады. Күдікті ұлын өлтіргендігін мойындап отыр. Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан, əкесі өзге елде тұрады. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Еске салсақ, бұған дейін қызылордалық ана 8 жастағы қызын құрбысы ұрып-соққанын айтқанын жазған едік.

Одан бөлек, Ақтөбеде бұрынғы әйелінің бетін тіліп, аяусыз сабаған ер адам 4 жылға сотталғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878416-almaty-oblysynda-2-zastagy-sbidi-mjiti-mzdatkystan-tabyldy.html