Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген табынушыларына сәлемдеме жолдап, көптен көмек сұрады (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: kudaibergenov.dimash

Әлемге танымал отандық әнші Димаш Құдайберген өз желі парақшасында қайырымдылық шарасына қосылатынын айтып, табынушыларынан көмек сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Димаш Құдайберген Instagram парақшасында азық-түлікке мұқтаж жандарға көмектесетін әлемдік жобаға қолдау білдіргісі келетінін сөз еткен.

"Мен @MichaelKors #FoodIsLove @WorldFoodProgramme (Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы) жобасын қуана қолдаймын. Олардың балаларды тамақтандыру арқылы әлемдегі азық-түлік мұқтаждығын жою мақсаты маған жақын, әсіресе пандемия кезінде", - деп ағынан жарылды Димаш.

Әнші табынушылардан жобаға қолдау көрсету үшін көмек сұрауда.

Сатылған әр “Love” футболкаларынан түскен қаржы түгел ДАБ –қа аударылады (Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы). Маған оларға қолдау таныту үшін сіздердің көмектеріңіз қажет-футболкамен суретке түсіп #WATCHHUNGERSTOP және @michaelkors тегтеңіз. Әр пост пен сторис үшін «Michael Kors» БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасына 50 адамдық түскі ас бөледі", - деп ойын түйді әнші.

Еске салсақ, бұған дейін біз Аяғы ауыр кезінде ән салған Димаштың анасы көпті тәнті еткенін жазған болатынбыз.YouTube парақшасында жария болған видеода Светлана Айтбаеваның "Ахау керім" ұлттық әнін орындаған сәті көрсетілген.

Одан бөлек, Димаш АҚШ-тың MTV арнасында қазақ тілінде ән салған тұңғыш қазақстандық әнші атанғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1878417-dimas-kdajbergen-tabynusylaryna-slemdeme-zoldap-kpten-kmek-srady-video/

pixel