RU

Чехияда COVID-19 бойынша жаңа анти-рекорд тіркелді

тәжфирус15
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Чехияда коронавирустың 4 457 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл елде эпидемия басталы бері рекордық көрсеткіш болып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай COVID-19 инфекцияcын жұқтырудың жаңа көрсеткіші алдыңғы анти-рекордтан 700-ге өскен.

Чехияда эпидемия басталғаннан бері коронавирустың 90 мыңнан астам жағдайы анықталған.

Жуырда COVID-19-дан 13 адам қайтыс болған. Эпидемия басталғалы бері көз жұмғандардың саны 794 адамға жеткен.

Ауру көп адамдарда жеңіл өтуде, ал ауруханада вирус жұқтырғандардың 3,8 пайызы ем алуда.

Айта кетейік, бұған дейін Иранда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жеткенін хабарлаған едік.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Сима Садат Лари мәлімдеген болатын. Жалпы Иранда наурыздың аяғында-сәуірдің басында COVID-19 инфекциясының алғашқы толқыны өткен. Дегенмен мамырдан кейін жағдай нашарлай бастаған.

Ал еліміздегі жағдайға келсек, өткен тәулікте тағы 92 адам коронавирус жұқтырған.

Қазіргі таңда Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 108 454-ке жетіп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметовтің сөзінше, жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан, науқастар саны қайта өсуде.

Оның айтуынша, егер бұлай жалғасса, азаматтар санитар дәрігердің талаптарын сақтамаса, тағы да қатаң карантинге оралуымыз әбден мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878449-cehiada-covid-19-bojynsa-zaa-anti-rekordy-ornatyldy.html