RU

Алғашқы кездесуде сүйіктісіне білместен ұсыныс жасап қойған жігіт ұятқа қалды (видео)

Ұсыныс
Скриншот: Daily Mail

Сүйіктісімен алғаш кездескен сәтінде оған ұсыныс жасайтынынан мүлде хабарсыз болған Шотландия тұрғыны ыңғайсыз жағдайда қалып қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Алғашқы романтикалық кездесуге барған Шотландия тұрғыны Стивен Дюран ғашығына кенеттен ұсыныс жасайтынынан мүлде хабарсыз болған деп жазады Daily Mail басылымы.

Даяшы қос ғашыққа шарап пен тәтті ұсынады. Тәтті салынған табақша "Сіз маған тұрмысқа шығасыз ба?" деген жазумен безендірілген екен.

Ұсыныс
Фото: Daily Mail

Мұндай маңызды ұсыныстың аяқ асты жасалынуына жігіттің досы кінәлі болып шықты. Стивеннің пранкер досы Ли Макивер осылай орынсыз әзілдеуді ұйғарыпты.

Досының ғашығымен алғаш кездесуге баратынынан хабардар болған Ли мейрамханаға қоңырау шалып, өзін Стивен ретінде таныстырады. Ол үйлену туралы жазбасы бар романтикалық тағамға тапсырыс береді, содан кейін мейрамханаға жеке өзі келіп, досы мен оның ханымының ұялған сәтін видеоға түсіре бастайды.

Ыңғайсыз жағдайда қалып қойған азамат, тіпті не дерін де білмеген. Десе де досы бұл әзілдің соңы шындыққа ұласып, тоймен аяқталатынына тілектес екенін білдірді.

Еске салсақ, бұған дейін біз жұмыс тапқанына қуанғаннан билеп жіберген үйі жоқ ару желі жұлдызына айналғанын жазған едік.

Одан бөлек, тойда қонақтарды "чипсымен қатырған" жас жұбайлар сынға қалғанын жазған болатынбыз. Бұл жайт Ұлыбритания елінде орын алғаннан кейін желіде қызу пікірталас тудырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878457-algasky-kezdesude-sjiktisine-bilmesten-synys-zasap-kojgan-zigit-atka-kaldy-video.html