RU

Елімізде зейнет жасын неліктен төмендетуге болмайды

Зейнеткер
Көрнекі фото: pixabay.com

Таяуда мәжіліс депутаттары қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету туралы ұсыныс айтты. Алайда экономист мамандар дәл қазір мұны жасау мүмкін емес деп есептейді деп жазады KAZ.NUR.KZ КТК телеанасына сілтеме жасап.

Әйелдер мен ер адамдардың зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендету ұсынысын коммунистік партия депутаттары жасаған болатын. Олардың ойынша мұндай шара еңбек нарығына оң әсер етіп, жұмыс орындары көбейеді.

Одан бөлек, мәжілісмендер коронавирустың екінші толқыны болу мүмкіндігі мен вирус штамдарының үнемі мутациялануы жағдайы егде жастағылар үшін қауіпті.

Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жақын арада зейнет жасын төмендету мәселесін қарастыру жоспарланып отырмағанын айтты.

Мамандардың айтуынша, зейнет жасын төмендетпеудің бір себебі - азаматтардың өмір сүру ұзақтығының артуы.

Телеарнаға экономист Арман Бейсембаевтың түсіндіруінше, зейнеткерлерді жұмыс істейтін адамдар қамтамасыз етеді. Алайда соңғы уақытта Қазақстанда бір зейнеткерге шаққанда жұмыс істейтін адамдар азайып барады.

"Зейнеткерлерге лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін бір зейнеткерге кем дегенде үш жұмысшыдан келуі керек. Бұны (ұсыныс - ред.) популистік шара ретінде қабылдау керек, өйткені алда сайлау тұр", - деді Бейсембаев.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Айта кетсек, қазіргі уақытта заң бойынша ер адамдар 63 жаста, ал әйел адамдар 59,5 жасында зейнетке шығады. Сонымен бірге заңда әйелдердің зейнет жасын 2027 жылға дейін біртіндеп көтеру де қарастырылған. Яғни әр жарты жыл сайын көтеріп, әйелдер де 63 жаста зейнетке шығатын болады.

Еске сала кетсек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнет жасына қатысты желіде тараған жалған ақпараттарға жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878467-elimizde-zejnet-zasy-nelikten-tmendetuge-bolmajdy.html