RU

Кездесулерге баруды аса ұнатпайтын ару бейтаныс жігітке тұрмысқа шықты

Қалыңдық
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбританияның Хастингс қаласынан шыққан мұғалім бейтаныс ер адамға тұрмысқа шығуға келісімін берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Хастингс қаласының Мишель есімді тұрғыны елдегі танымал "Замуж вслепую" бағдарламасына қатысқан.

Оның шарттары бойынша, ару өзі танымайтын адаммен неке қидыруы керек. Бір қызығы, қалыңдық пен күйеу жігіт бір-бірін тек неке қию сәтінде ғана көре алады.

Бойжеткен тұрақты қарым-қатынасты қалағанымен кездесулерге баруды аса ұнатпаған. Сол себепті бағдарламаның шарттарына көніп, өзі танымайтын адамға тұрмысқа шығуға келіскен.

Мишель болашақ күйеуін көрген кезде өз жасын тия алмай қалған. Кездесудің алдында екеуі қатты қобалжығанымен бірін-бірі ұнатқан екен.

"Мишель өте сұлу", - дейді Оуэн.

Естеріңізге сала кетейік, сүйіктісімен алғаш кездескен сәтінде оған ұсыныс жасайтынынан мүлде хабарсыз болған Шотландия тұрғынының ыңғайсыз жағдайда қалып қойғанын хабарлаған едік.

Алғашқы романтикалық кездесуге барған Стивен Дюран ғашығына кенеттен ұсыныс жасайтынынан мүлде хабарсыз болған.

Даяшы қос ғашыққа шарап пен тәтті ұсынады. Тәтті салынған табақша "Сіз маған тұрмысқа шығасыз ба?" деген жазумен безендірілген екен. Кейін бұны ер адамның досы әзілдеп жасағаны белгілі болды.

Одан бөлек, тойда қонақтарды "чипсымен қатырған" жас жұбайлар сынға қалғанын жазған болатынбыз. Бұл жайт Ұлыбритания елінде орын алғаннан кейін желіде қызу пікірталас тудырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878475-kezdesulerge-barudy-asa-natpajtyn-aru-bejtanys-zigitke-trmyska-sykty.html