RU

Нұр-Сұлтанға ПТР-тест анықтамасыз ұшып келген тағы 122 адам карантинге алынды

Алматы әуежайы 2
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елордаға ұшып келген ПТР-тест анықтамасы жоқ 122 жолаушы карантинге жатқызылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін, 8 қазанда Нұр-Сұлтан әуежайына Turkish Airlines, Air Astana мен Flydubai әуе компанияларының ұшақтары келіп қонған. Әуе кемесінің борттарында борттарында 828 жолаушы мен экипаждардың 36 мүшесі болған.

Осы жолаушылардың ішінде 122 адамның коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықттама болмапты. Сол себепті олардың бәрі де карантиндік стационарға жатқызылған.

Дегенмен жолаушылар арасында дене қызуы көтерілген адам анықталмаған. ПТР-тесттен өткеннен кейін жолаушылар үйлеріне жіберіледі.

Егер олардың коронавирус жұқтырғаны белгілі болса инфекциялық стационарға барады.

Айта кетсек, 6 қазаннан бастап елімізде шетелден ұшып келетін азаматтардан ПТР-тест анықтамасы талап етіледі. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтқан болатын.

Жолаушыларда Қазақстан шекарасынан өтетін сәтке дейінгі үш тәуліктік мерзімі бар ПТР анықтамасы болуы қажет. Яғни коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама шекараға дейінгі 72 сағатта жасалуы керек.

Еске сала кетсек, 6 қазан күні елордалық әуежайға төрт ұшақ келіп қонды. 170 жолаушының ПТР тесті жоқ екені, кейбірінің мерзімі өтіп кеткені белгілі болды. Олардың барлығы стационарларға жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878482-nr-sltanga-ptr-test-anyktamasyz-syp-kelgen-tagy-122-adam-karantinge-alyndy.html