RU

"Бойдақ": Екінші рет ажырасқан Айдарқұловтың суреті қызу талқыға түсті

Дәурен Айдарқұлов бетпердемен
Фото: Instagram/daurenaidarkulov

Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов желіде бетпердемен тұрған фотосын жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Көпшілік өнер иесінің суреттегі образын емес, оның астына қалдырған жазбасына көңіл аударған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Екінші мәрте ажырасып кеткелі Дәурен Айдарқұловтың өмірі елдің аузында. Желі қолданушылары белгілі актердің әр жаңа жазбасын мұқият қарап, оның астарында не бар екенін анықтауды әдетке айналдырып алған.

Бұл жолы да көпбалалы әкенің Instagram парақшасында жариялаған соңғы фотосы да оқырмандардың қызу талқысына ұласты. Суретте өнер иесі түрін көрсетпей, оны толығымен ақ түсті бетпердемен жауып тұрғанын көруге болады.

Оның үстіне, шоу-бизнес жұлдызы фото астында "Бойдақ" деген жазба қалдырып кеткен. Желі қолданушылары бірден актерге қатысты пікірлерін қарша жаудырып, оның әрекеттерінің қаншалықты дұрыс екенін айтты.

Бірі оны жақында ғана ажыраса салып, енді жаңа таныстықтар үшін ашық екенін көпшілікке жария етті деп сынға алды. Алайда, пікір білдірушілер арасында өнер иесінің бұл қадамын құптайтындар да бар болып шықты.

Олар басы бос жұлдыз жеке өмірін қалаған уақытында құруға құқылы екенін айтып, оны барынша жақтай түсті.

"Іздеуге кіріскен ғой" , "Жаңа махаббатыңды іздестіріп жүрсің ба" , "Ажырасқаны кеше ғана, бұл болса бірден басқа жар іздеуге көшкен" , "Дұрыс, жалғыз болған қиын. Сол себепті, жеке өміріңізді қолға алуыңызды құптаймын" , "Бақытты болыңызшы" , "Бұл оның жеке өмірі, кіммен және қашан махаббат құратынын өзі біледі" , - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878484-bojdak-ekinsi-ret-azyraskan-ajdarklovty-sureti-kyzu-talkyga-tsti.html