RU

Бойы екі метрден асатын 17 жастағы қыз әлемдегі ең ұзын аяқтың иесі атанды (фото)

Мэйси Каррин
Фото: PA

Бойы 208 сантиметр болатын 17 жастағы америкалық бойжеткен әлемдегі ең ұзын аяқтың иесі атанып отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы vinegred.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың Техас штатындағы Остин қаласында тұратын Мэйси Каррин анасы Триштен әлдеқайда биік, оның бойы 170 сантиметр, ал әкесі Кэмеронның бойы - 195 сантиметр. Бойжеткеннің ағасы Джейкобтың бойы болса 190 сантиметр.

Туған кезде Мэйсидің бойы 48 сантиметр болған, бұл нәресте үшін қалыпты бой ұзындығы еді. Алайда 9 жасында оның бойы 170 сантиметрге бір-ақ жеткен.

Мэйси Каррин
Фото: PA

Мэйси Каррин болашақта модель болғысы келеді. Ол Гиннестің рекордтар кітабына ене алатындығын тек тапсырыс бойынша шалбар тіктіру кезінде білген.

Мэйсидің сол аяғы оң аяғынан сәл ғана ұзын - 134 сантиметр, соның арқасында бойжеткен аяғының ұзындығы 132 сантиметр болатын ресейлік баскетбол жұлдызы Екатерина Лисинадан асып түскен.

"Ұзын аяқтың минустары көп екені, сөзсіз, өйткені үнемі есіктен өткенде басыңды ұрып алып жатасың, көліктерге отыру ыңғайсыз және өзіңе лайықты киім табу қиын", - дейді Мэйси Каррин.
Мэйси Каррин
Фото: РА

Бойжеткен өзге бойы ұзын қыздарға: "Мұны жасырмаңыз, өз ерекшелігіңізді қабылдай біліңіз", - дейді ол.

Енді Мэйсиге әлемдегі ең ұзын әйел атану үшін бірнеше сантиметр өсу керек. Қазіргі уақытта бұл атақ қытайлық 33 жастағы Сунь Фанға тиесілі, оның бойы 221 сантиметр.

Мэйси Каррин
Фото: РА

Ал өткен жылдардың ең ұзын әйел атағы қытайлық Цзэн Цзиньляньге тиесілі болған. Ол 1982 жылы өмірден өтті. Оның бойы 248 сантиметр еді.

Еске салсақ, бұған дейін біз ерекше әдемі көз жанарына ие тайпа әлем жұртшылығының таңдайын қақтырғанын жазған едік.

Одан бөлек, әлемдегі ең үлкен ерінге ие болғысы келген ару адам танымастай өзгеріп кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878487-bojy-eki-metrden-asatyn-17-zastagy-kyz-lemdegi-e-zyn-aakty-iesi-atandy-foto.html