RU

Коронавирус: Грузия карантин мен оқшаулануға қатысты жаңа қаулы қабылдады

тәжвирустан жазылды
Көрнекі фото: 7news.kz

Грузияда коронавирус жұқтырғандармен жақын байланыста болғандар ешқандай тест тапсырмай, тез арада оқшауланып немесе карантинге алынуы керек деп жазады KAZ.NUR.KZ Новости Грузияға сілтеме жасап.

Грузия үкіметінің жаңа қаулысы туралы Қоғамдық денсаулық және ауруды бақылау ұлттық орталығының басшысы Амиран Гамкрелидзе айтты.

Ол бүгінгі күні Грузияда 30-40 пайыз пациентте коронавирус ауру белгілерінсіз өтіп жатқанын айтады.

Ауру белгілері жоқ пациенттер карантин немесе оқшауланудан 12 күн өткеннен кейін тест тапсырмай-ақ, қалыпты өміріне оралуларына болады.

Ал оқшауланған кезде науқаста қандай да бір симптом пайда болса, онда олар бұл туралы дәрігерге хабар беріп, ПЦР-тест жасатуы керек. Егер ол оң нәтиже көрсетсе, онда пациенттер хаттамаға сәйкес үйде немесе станционарда бақылауда болады.

Одан бөлек, елге кіретін азаматтар үшін де карантин ережесі өзгеруде. Шетелден келгендер бұрынғыдай карантинге алынады. Алайда сегізінші күні оларға зертханалық ПЦР-тест емес, антигенге негізделген жоғары сапалы "жылдам тест" жасалады.

Тест теріс нәтиже көрсетсе, онда азаматтар карантиннен шыға алады. Ал күдік тудырса, онда зертханалық ПЦР-тест жасалмақ.

Орталық басшысының ойынша, коронавирусқа қарсы вакцина 2021 жылдың көктемінде ғана дайын болмақ.

"Бір мезетте жеті миллиард адамды вакцинациялау мүмкін емес екені айқын. Сол себепті әсері бар дәрілерді жасауға үлкен назар салынады", - дейді Гамкрелидзе.

Еске сала кетсек, Чехияда COVID-19 бойынша жаңа антирекорд тіркелді. Бір тәулікте 4 457 адамнан коронавирус анықталған.

Ал елдегі жағдай келсек, 7 қазанда 92 адамнан корнавирус инфекциясы табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878492-koronavirus-gruzia-karantin-men-oksaulanuga-katysty-zaa-kauly-kabyldady.html