Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем бас тартты": Атышулы Байзақова ата-анасының суретімен бөлісті

Опубликовано:

Айжан Байзақованың ата-анасы
Фото: Instagram/bayzakova

Ғаламтор кеңістігінде жартылай жалаңаш образдарымен танылған Айжан Байзақова ата-анасының ерекше фотосын жариялады. Атышулы арудың анасы Instagram желісін толықтай меңгеріп алса, әкесі көпшілікке түрін әлі де көрсетуге дайын емес болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дүйім жұрттың назарына ашық образдарымен ілінген Айжан Байзақова ата-анасының суретімен бөлісіп, оқырмандарын қуантты. Алайда, желі жұлдызының анасын бәрі танып үлгерсе, әкесін көру мүмкіндігі әзірге бұйырмады.

Атышулы ару асқар тауы әкесінің түрін жауып, оны көпшіліктен әлі жасырып жүр. Алайда, ол бойжеткеннің емес, әкесінің өз қалауы екен. Байзақова оған тіпті Instagram желісінде жеке парақша ашып беруді ұсынған. Алайда, ер адам бірден түбегейлі бас тартқан.

Ол қызының танымалдылығын ескере отырып, ғаламтор кеңістігінде оқырмандар өзіне сансыз ерсі сұрақтар қойғанын қаламайтын болып шықты. Отағасы отбасының өзге мүшелеріне қарағанда халыққа танылғысы келмейді.

Айжан Байзақова ата-анасының фотосын Stories бөлімінде жариялаған.Онда ерлі-зайыптылардың асханада тұрғанын байқауға болады.

""Әкеме "парақша ашып, желіде блог жүргіз" деп ұсыныс айттық. Ол бірден бас тартты. "Сенің оқырмандарың сосын ойына келгенін сұрай береді. Жоқ керек емес" деп кесіп айтты" , - деп жазды Байзақова.

Айта кетейік, бұл Айжан Байзақованың әкесін алғаш көрсетуі емес. Бұған дейін блогер ару әкесінің жас кезіндегі фотосымен бөліскен болатын. Ол отбасылық мұрағаттағы суретті ел назарына ұсынып, көпшілікті тәнті етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1878510-kem-bas-tartty-atysuly-bajzakova-ata-anasyny-suretimen-blisti/

pixel